Медресе ұстаздары мен шәкірттері табиғат аясында демалды

Медресе ұстаздары мен шәкірттері табиғат аясында демалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт беретін сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған.

Бүгін облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы  Данияр қажы Жұмабаевтың ұйымдастыруымен жыл сайынғы дәстүр бойынша медресе ұстаздары мен шәкірттері бірігіп, Алланың құдіретінің  бір көрінісі болған табиғат аясына демалысқа шықты. Сонымен қатар Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы, Жалпақтөбе ауылының  имамы Каримов Рахматулла және шәкірттердің қатынауына арнайы тегін автобустар берген Сейітжан бауырымыз да осы жиынның қонағы болды.

Жамағат болып, бәрі бесін намазын оқып, имамдар әр түрлі тақырыпта тұшымды әңгімелер өрбітті. Әсіресе, дін мен дәстүр сабақтастығы, Ислам дініндегі изгілік, бауырмалдық, туыстық қатынастарды сақтау, некеге беріктік мәселелері кеңінен талқыланған тақырыптардың бірі болды.

Жиын түрлі спорттық ойындармен жалғасты. Мұсылмандық әдеп шегінен шықпай, дәстүрлі арқан тартысы, топқа бөлініп теңбіл доп теуіп, футбол ойнады және  т.б. қызықты ойындар өткізіліп, жиналған қауым тәндерін шынықтырды.


Жамағатпен имамдар бірлесіп ортақ ас дайындалып, қуырдақ, кәуәп пісірілді. Тәтті тағамдарды толтыра дастархан жайылып, ашық аспан астында барлығы ас ішті. Алла елшісінің (с.ғ.с) хадисінде ортақ ас берекелі әрі дәмді болады демей ме?

Қызықты өткен демалыс көптің көңілінен шықты. 

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: