Бала тәрбиесі – үлкен бір ғылым

Бала тәрбиесі – үлкен бір ғылым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамның негiзi – жанұя, ал жанұяның негiзi – ер мен әйелдiң татулығы, олардың бiр-бiрiне мейiрiмдiлiгi мен қамқорлығы екенiн Ислам дiнi 14 ғасыр бойы насихаттауда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың бастамасымен үстіміздегі жыл «Ислам және отбасы жылы» болып белгіленді. Осыған байланысты орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы, облыстық «әйелдер-қыздар» секторының басшысы Үсенова Зейнептің ұйымдастыруымен,  коуч-тренер Мұстафаева Ұлдана Әділханқызының жүргізуімен әйел жамағаты мен шәкірттерге арналған «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Кездесуде әйел жамағатының сұранысы бойынша 1-5 жас аралығындағы балалардың тәрбиесі қандай болу керектігі туралы сөз қозғалды. Тақырыпқа қатысты түрлі сұрақтар қойылып, жауап берілді.

«Отбасы, оның барлық тіршілігі, ата –ананың адамгершілік сенімі мен сезімі, олардың бір – бірімен қарым – қатынасы, айналасындағы адамдарға, қоғамға деген көзқарастары – осылардың бәрі балаларға терең әсер етеді.     Ислам діні негізінде отбасылық тәрбие берудің  нәтижесінде қыз баланы ана болуға ислами қағидалар  негізінде тәрбиеленген  және ер баланы отағасы болуға ислами қағидалар  негізінде тәрбиеленген. Тәрбиенің негізгі мақсаты – ұрпағымыздың иманды болып өсуі», - деп атап өтті Зейнеп Үсенова.

Семинар өте қызық әрі тартысты болып өтті. Пайдалы ақпараттар мен кеңестер алған жамағат ұйымдастырушыларға рахмет айтып тарасты.

Расында, бала тәрбиесі – үлкен бір ғылым. Сондықтан, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) бала тәрбиесі жайлы «Сендердiң әрбiрiң жауапкерсiңдер және жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар. Патша өз қол астындағылар үшiн жауапкер және солар үшiн сұралады. Отбасы жанұя үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Әйел күйеуi сыртта болған уақытта үй шаруасы мен балалардың тәрбиесi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Қызметшi қожайынның мүлкi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Сендер барлығың жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар», - деген.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: