Халықаралық конференциядан жүлдемен оралды

Халықаралық конференциядан жүлдемен оралды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздің Ғылым қызметкерлері күніне орай студенттер мен жас ғалымдарға арналған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәстүрлі «Ғылым және білім - 2018» XІІI халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Аталған жиынға Нұр-Мүбарак университетінен қатысқан үш студент те жүлделі орынға ие болды.

1000-ға жуық адам қатысқан ғылыми шарада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Венгрия, Польша, Украина және Латвияның жас ғалымдары да бар. «Рухани жаңғыру аясындағы мемлекет және құқықтың өзекті мәселелері»  тақырыбында баяндама жасаған дінтанушы студент Қарлығаш Мақсұтбай секция бойынша қатысқан 44 қатысушы арасынан 1-ші орынға ие болды. Жеңімпаз студент жетекшісі университеттің «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымд.профессор Қалмахан Ержан. Ал исламтанушы студент Талғат Демесбай жүлделі 2-орынға ие болды, жетекшісі PhD, доц. м.а. Альбина Дүйсенбаева. Ал «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық» кафедра оқытушысы, пед.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сұлу Исабаеваның жетекшілігімен Асылбек Қасымбай 2-орын иеленді.

Студенттер мен жас ғалымдар арасындағы дәстүрлі форумды Еуразия ұлттық университетімен бірге ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырған конференцияның негізгі мақсаты – студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, қазіргі заманғы ғылымның өзекті мәселелерін шешу, болашақ әріптестер арасындағы байланыстарды нығайту.

Шара аясында   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, ҚР ҒЗИ және Жас ғалымдар кеңесінің төрағалары қатысуымен семинар-кеңес өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Халықаралық форумнан жеңіспен оралған дипломаттарды Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни арнайы қабылдап, алғыс жариялады.

muftyat.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: