Ашық сұхбатқа қатысты

Ашық сұхбатқа қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық орталық мешітінің бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы орталық кітапханада өткен  «Қазіргі таңдағы Ислам дінінің рөлі» атты ашық сұхбат кездесуге қатысып қайтты.

Сұхбатқа ауданның мәдени қайраткерлері, ұлағатты ұстаздар қатысты. Ашық сұхбаттың негізгі тақырыбы Ислам дініне байланысты болған соң, Ислам дінінің негізгі құндылықтары және бес парыз туралы уағыз айтылды. Сұхбатта алғашқы болып сөз сөйлеген Батырбек қажы Ислам дінінің негіздеріне жеке тоқталып өтті.

Сұхбатқа қатысушылар өз пікірлерін айтып, дәстүрлі Ислам діні жайында өз ойларын жеткізді. Асыл дінімізден толық мәлімет алған ашық сұхбатқа қатысушылар өз разылықтарын жеткізді. Ислам діні жайлы мұндай сұхбаттар жиі болса деген пікірлер айтылды.

                         «Меркі ата» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: