Жаңа мешіттің қазығы қағылды

Жаңа мешіттің қазығы қағылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандына қарасты  Б.Шолақ ауылында 1998 жылы ауылдың қадірлі қариясы Назар ақсақал ауыл адамдарының көмегімен 80 адамға шақталған мешіттің кірпішін қалаған болатын. Жиырма жыл бойы сақталған ғибадат үйінің бүгінгі күні әбден тозығы жеткен. Одан бөлек ауыл тұрғындарының санының артуына байланысты жұма намазға келіп, бір сапта тұрып құлшылық ететіндердің саны да көбейді. Бір сөзбен айтқанда, ауыл жаңа мешітті қажет етті. Жас келсе іске демекш,і осы ауылдың тумасы, білімді де білікті азаматы Аян Сымайыл Б. Шолақ мешітіне имамдық қызметке тағайындалып елдің ықыласын назарға алып, мешіттің құрылысына кірісіп кетті.

Көп ұзамай ауылдан шыққан жаны жомарт азамат Нұрхан ағамыз бұл сауапты істі өз жауапкершілігіне алып, туған жерге ту тігуді биік қойды. Өзі Алматы қаласында тұрып, сол қалада тіршілік жасаса да ауылдастарына қамқорлық танытуды азаматтық парызы деп санаған екен.

Салынғалы жатқан мешіттің жобасы толығымен дайын. Суретіне қарап-ақ көз қуанып, көңіл марқаяды. Көлемі 9 метрді құрағалы жатқан мешіт 2 қабаттан тұрады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда сыиымдылығы 360 жамағатқа шақталған. Оның жанында құдайы тамақ, ас беру,жаназа рәсімдерін орындауға арналған 41 метрлі үлкен асханасы да болмақ.  Сонымен қатар, жас жеткіншектердің арабша хат танып, Құран оқып үйренуі үшін арнайы медреседе қызмет көрсететін болады. Дәрет алу, ғұсыл құйыну бөлмелері де заманауи үлгіде салынбақшы.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят Алмаханов жаңа мешіт құрылысының қазығын қағып жиылған ауыл жұртшылығына қасиетті Құран аятын оқып, батасын берді. Құран оқылған дастарханда бас қосқан ауыл тұрғындары және қария кісілер мен ақ жаулықты апа-әжелеріміз осы істі қолға алған атпал азаматқа шексіз алғыстарын жаудырды.

                                                         Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: