Ерсін Әміре Қордай жерінде

Ерсін Әміре Қордай жерінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің дін қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауданымызға арнайы  ҚМДБ ғұламалар кеңесінің, РАНТ мүшесі және белгілі ғалым Ерсін Әміре  ат  басын тіреді. 

Ерсін ұстаздың аудандағы қысқа да өте пайдалы сапары аудан бойынша қызмет етіп жатқан қазақ тілді имам-молдаларға еркін форматта өткізілген семинардан басталды. Семинар барысында имам-молдалар Ерсін ұстазға жамағат арасында  күрделі сұрақтар қойып, әр қайсысына дәлелді жауаптар алды, дін қызметкерлеріне теріс ағымдардың негізгі ауытқулары жайлы уағыз айтты.

Ақшам намазы уақытында қадірменді қонақ аудандық «Қордай» мешітінде аудан бойынша жамағаттармен жүздесіп, «Рамазанға дайындық» атты тебіренді уағызын айтып, жамағатты дән риза қылды. Уағыз соңында  ұстаз жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, бірнеше көкейкесті мәселелердің түйінін тарқатты.

 Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: