Түркияда пайғамбарлар мұражайы пайда болады

Түркияда пайғамбарлар мұражайы пайда болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Түркияда пайғамбарлар мұражайы пайда болады. Елдің оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа қаласында аталмыш мұражайдың құрылысы басталып-ақ кеткен, бұл қала «Пайғамбарлар қаласы» деп те аталады.

Тарихшылардың есептеуінше, дәл осы қалада еврей, христиан және ислам діндерінде келтірілетін патриарх Авраам мен басқа алты пайғамбар дүниеге келген екен.

Жыл сайын осы қалаға жүз мыңдаған саяхатшылар келеді, солардың көпшілігі ислам, христиан және иудаизм діндерінде дәріптелетін пайғамбарларға қатысты нысандарда құлшылық жасайды.

Аталмыш қала қажылардың келуі бойынша Мекке, Медине мен Иерусалимнен кейінгі төртінші орынға ие.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: