Құранның жинақталу тарихы

Құранның жинақталу тарихы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тірі кезінде үздіксіз уахи келіп тұрғандықтан, Құран мәтінін кітапқа (дәффәтәйн) айналдырып‚ мұсхаф халіне келтіруі мүмкін емес еді. Бұлай жасалған болса жиі-жиі өзгерту енгізу, араға кіретін бірнеше аятты орналастыру үшін екінің бірінде жазылған көп мәтінді жоюға мәжбүрлік туатын еді. Екіншіден болса, көптеген қари Құран мәтінін жаттап, үнемі оқып тұратын және асхабтың бір бөлігінің жанында жазулы нұсқалары да болатын. Сондықтан мәтіннің сақталуы тақырыбында алаңдауға себеп жоқ еді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дүниеден өткеннен кейін, һәм ол секілді кепілдік берушінің араларынан кетуі һәм Исламға қауіп төндірген иртидат әрекеттеріне қарсы соғыстар иләһи жол көрсетуші - Құран Кәрім мәтінінің үмметтің ижма’ынан өтіп, бір сөзінен болса да, ешкімді шек-шүбәға апармайтын түрде қияметке дейін ешкім қарсылық ете алмайтын имам болуы қажеті туындаған еді. Хазіреті пайғамбар (с.ғ.с.) дүние салғаннан кейін мұсылмандардың әміршісі болып Хазіреті Әбу Бәкір сайланды. Халифа Әбу Бәкір дәуірінде бой көтерген «Ямама» көтерілісінде жетпіс қари шәһид болады. Табан астында Құран жаттаған жетпіс қаридан айрылып қалу діннің қамын жеген хазіреті Омарды қатты толғандырады. Ол Халифа Әбу Бәкірге келіп, Құран Кәрімді жинақтау туралы ұсыныс жасайды. Ол басында «пайғамбар (с.ғ.с.) істемеген нәрсені мен қалай істеймін?», – деп оны құптамайды. Кейінірек мұның аса маңызды екенін ойлап, келісімін береді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) жаздырған парақтар бар бола тұра, неге Хазіреті Әбу Бәкір мұнымен қанағаттанбай, мұсхаф халіне жинақтауына мұқтаж болды деген сұрақ ойға келуі мүмкін. Мұның жауабы мынау: біріншіден, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеден өтпестен, ол парақтар болумен қатар, олардың мемлекеттік белгі ретінде ресмилігі жоқ еді. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тірі болуы көптеген мәселедегідей Құран мәтініне кепілдік беру тұрғысынан да талассыз бедел саналып, Ол - әминул-уахи еді. Ал, одан кейін келген халифаның мұндай ерекшелігі болмағандықтан, бұл парақтарды бір кітаптай мұсхаф халіне келтіруге мәжбүр болды. Негізгі билік пен кепілдіктің бұдан былай имамы (Құран мәтінінің) болуы керек еді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) артында Алланың

кітабын қалдырғандығын, мұсылмандардың оған тәуелді болғандарында әсте адаспайтындықтарын білдірген еді. Екінші бір себеп‚ Хазіреті Әбу Бәкір мұсхафты ол парақтардан көшірте алатын еді. Бірақ бұлай жасау не болса да қауіпті. Мұсылмандар арасында кейіннен ортаға шығуы мүмкін жағдайларды есепке алу керек болатын. Толық немесе бір бөлігі ғана бар жеке Құран нұсқаларында майда-шүйда қателері болмайтын ба еді? Әлбетте, болатын еді. Кейбір бөлімдерінің өте аз адамдарда жазылғаны болғандықтан‚ көп өтпестен толығымен жоғалып кетуі мүмкін еді. Аз да болса тиләуәті нәсх етілген бөлімдер болып, мұны білетіндермен қатар‚ білмейтіндер де бар еді. Сондықтан қолдағы мәтінді бір жағынан асхабтың жазбалары және жаттағандарымен күшейту, бір жағынан жеке қателерді түзету арқылы нәтижеде үмметтің бір ауыздан келісімінен (ижма’ынан) өткен имам мұсхафтың заңды тұлғалығы мен заң күшіне ие болуы керек еді. Алдында көрсетілгендей, Расулұлланың (с.а.у.) беделді тұлғасының өмірден өтуіменен орны толмас олқылық, тартыстар және иртидат соғыстары, бір сөзбен айтқанда осы себептердің барлығы Құранның ресми бекітуден өткен және үмметтің бір келісімде тоқтауын қамтамасыз ететін имам мұсхаф халінде жинақталуын қажет еттірді. Шынымен-ақ Хазіреті Әбу Бәкірдің халифалығының басында болған Ямамә соғысында 70 қари [1] (бұлардың барлығы емес, едәуір бір бөлігі қари болуы керек) сахабаның шәһид болуы, шара қолдану керектігін анық көрсеткен еді. Зәйд ибн Сәбит былай дейтін: Ямамә соғысында көптеген асхабтың қаза болуынан кейін Хазіреті Әбу Бәкір мені шақыртты. Барсам Хазіреті Омар да сол жерде екен. Әбу Бәкір маған: «Омар Ямамәда Құран қариларының көбісі қайтыс болды. Осы секілді оқиғаларда қарилар өле берсе Құраннан айрылып қаламыз. Меніңше Құранның жинақталуы үшін әмір шығаруың керек» - дейді. Мен Омарға: «Расулұлланың (с.а.у.) жасамаған ісін қалай жасай аласың?» - деймін. Омар: «Уаллаһи, бұл жақсы іс» - деді. Кейін осы іс туралы ұзақ сөз қозғап, маған айта-айта ақырында Алла жүрегімді осы іске көндірді. Мен де оның көзқарасын құптадым» - дейді. Сонда Әбу Бәкір маған бұрылып: «Сен жас, тың‚ ақылды адамсың. Ешкім сені кінәлай алмайды. Сен онсыз да Расулұлланың (с.а.у.) уахи жазушысы едің. Құранның мәтіндерін жина» - деді. Уаллаһи! Маған бір тауды орнынан көшіруді тапсырса да Құранды жинау жауапкершілігіндей ауыр болмас еді». Ақырында Құранды құрма ағаштарынан, жалпақ тастардан және жаттаған адамдардан жинай бастадым»[2].

ОспановаАружан

студент

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Құртуби, Тәфсір, Алғы сөз.»

2. Бұхари, Фәзәйлүл-Құран, Жәмул-Құран, VI, 98. 31 Суюти, Итқан, І, 73.

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: