Неге барлық адамдар әртүрлі болып жаралған?

Неге барлық адамдар әртүрлі болып жаралған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамның жаралу мақсатын білмей, бұл әлемде болып жатқан барлық дүниелердің себебін түсіну мүмкін емес. Алла Тағала адамдарды құлшылық етуге жаратса, ал басқалардың бәрі адам үшін жаралған.

Бұл дүние рахат алу үшін жаралмаған, ал ақирет мәңгілік сый беру немесе мәңгілік азап орны болып табылады. Егер барлық адамдар бірдей болса, онда сынақтың мәні болмас еді әрі жақсы адамды жаман адамнан ажырату мүмкін болмас еді. Сондықтан Аллаға құлшылық ету әрі бойсұнушылық жолында адам әртүрлі қиындықтарға ұшырайды және осы арқылы бойсұнған адам бойсұнбаған адамнан ажыратылады.

Бұл әлемдегі дүниелер әртүрлі мақсаттар үшін жаралған. Мысалы, еркек неге омырауымен қоректендірмейді деген сұрақ ешкімнің басына кіріп-шықпайды да, себебі еркек бұл үшін жаралмаған.

Адам бұл дүниеге ойын-сауық пен рахат алу үшін емес, сынақ үшін жаралған. Мысалы, емтиханды үздік тапсыру үшін студент қажетті қиындықтардан өтуі керек. Ол ойын-сауықтан бас тартып, сабақтарын қайталап, аз ұйықтайды.

Егер адамдар әртүрлі көзқарастар турасынан бірдей болып жаратылар болса, онда бұл үлкен қиыншылыққа әкеліп соғар еді. Егер адамдарда бірдей бет-әлпет, бой, тері түсі, молшылық, денсаулық пен сұлулық болса, онда олар бір-бірінің көшірмесі болар еді. Бұл жағдайда бір адамды өзгелерден ажырату мүмкін болмас еді. Әйелі күйеуін, күйеуі әйелін тани алмас еді; адам өз әйелін қыздарынан ажырата алмай, өмір тоқтап қалғандай болар еді. Сырт бет-әлпетінің ұқсастығының өзінен ғана мыңдаған қиындықтар туындайтын еді де басқа саладағы ұқсастықтар пайда болмай жатып-ақ, өмір өз мәнінен айырылар еді. Жақсылықтың құнын зұлымдықпен қауышу арқылы ғана білуге болады. Егер бәрі жақсы болса, онда жақсылық құндылығы мен мәнін жоғалтушы еді. Көріксіздік болғанда ғана біз сұлулықты түсіне аламыз.

Барлық жағынан ұқсас болу — өте үлкен зиян әкеледі. Сондықтан да Алла Тағала бұл әлемдегі дүниелерді аса данышпандық пен әділеттілікпен жаратқан. Мысалы, егер үлкен саусақ басқа саусақтар сияқты болса немесе басқа саусақтардың ортасында орналасса, онда адам өз қолымен сондай нәтижелі түрде қолдана алмас еді де бұл кемшілік болып табылар еді. Жер бетінде өмір сүріп жатқан миллиардтаған адамдардың бір-біріне ұқсамауы әрі әрбір адамның өзіндік даралығының болуы — біздің Жаратушымыздың шексіз құдіретінің жарқын дәлелі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: