Әр мұсылман жасап үлгеруі тиіс 10 амал

Әр мұсылман жасап үлгеруі тиіс 10 амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Құранды түгелдей оқып шығу.

Өмірінде бір рет болсын әрбір мұсылман Алла Тағала Жәбірейіл періште (а.с.) арқылы екі дүние сардар Пайғамбарына (ﷺ) 23 жыл бойы түсірілген қасиетті Құранды оқып шығуы керек. Алла Тағаланың күллі адамзат баласына айтқан сөздерін елеп-ескермеу, оған көңіл бөлмеу жаман әдеттен. Тек Алла Тағаланың ұйғарымдарын орындау арқылы ғана біз толыққанды мұсылман бола аламыз әрі Жаратушымыз разы болардай өмір сүре алатын боламыз. Құранның түпнұсқасын, аудармасын, тәпсірлерін оқуға уақыт табыңыз әрі оқығандарыңызды іс жүзінде көрсете білуге тырысыңыз.

2. Қажылық жасау.

Исламның бес шартының бірі қажылық болып табылады. Егер қажылық жасауға денсаулығыңыз да, материалдық ахуалыңыз да келіп тұрған болса, онда бұл парыздың түрін өтеуді кейінге қалдыра бермеңіз. Қасиетті жерлерге бару арқылы мүмін адам ислам дінінің рухын сезініп, сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) дүниеге келген топыраққа жан-тәндерімен беріле табандарын тигізетін болады. Негізінде, бұл расымен де киелі жер, тек сол жерге бару арқылы ғана сіз мұны сезіне алатын боласыз.

3. Ағаш отырғызу.

Қазіргі таңда қоршаған ортаны сақтау аса маңызды мәселелердің біріне айналып отыр, ал адамзаттың асылы Пайғамбарымыздың (ﷺ) көп ғасыр бұрын осы сала туралы білдірген пікірлері өзекті болып отыр. Қоршаған табиғатты, ондағы жан-жануарларды қорғау және жасыл желкендерді отырғызу турасында көптеген хадистер бар. Сол хадистердің бірінде былай келтірілген: «Егер әлдебір мұсылман ағаш отырғыза не болмаса дәнді-дақыл егетін болса, содан кейін адам, ұшқан құс, жүгірген аң сол отырғызылған жемістен жер болса, онда әлгі адамға садақа болып жазылады».

4. Үш қасиетті мешітке бару.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) хадистерінің бірінде Меккедегі әл-Харам, Мединдегі Пайғамбарымыздың (ﷺ) мешіті және Иерусалимдегі Әл-Ақса мешіті – аса зор киеге ие деп айтылған. Әр қасиетті үш мешіттің мәртебесі - Алла Тағаланың қалауымен сонда оқылған намаз санының артуымен еселенеді. Мысал үшін, басқа хадисте келтірілгендей, Әл-Харамда, Пайғамбарымыздың (ﷺ) мешітінде және Әл-Ақсада оқылған әрбір намаз 100 мың, 1 мың және 500 намаз болып еселеніп отырады. Мешіт – Жер бетіндегі Алла Тағаланың үйі, дәл осы жерде мүмін барынша өзінің Жаратушысына жақындап, ал оның жаны толықтай бойұсынуда болып, құлшылық ететін болады.

5. Жерлеуге көмектесу.

Сіздің айналаңыздағы адамдардың бірінің басына қайғы түсіп, жақын-туғандарынан айырылатын болса, оларға көмек қолыңызды созыңыз. Жерлеу рәсімдері мен жаназа намазының қалай оқылатынын үйреніп алыңыз. Біріншіден, шариғатта туған-туыстарының, тақуа адамдардың қазасы жөнінде ескертіп, оларға қолдау көрсету керектігі айтылған. Сондай-ақ, қайтыс болған адамның жақындары мен туыстарының сабырлық сақтауына баса көңіл қойылған. Исламда көңіл айту сүннет болып табылады.

6. Қайырымдылыққа қаражат жұмсау.

Қайырымдылық – исламдағы сүннет. Қайырымдылық жасап, біреуге өзінің мал-мүлкінен, қаражатынан бөліп бергеніне қарамастан әлгі адамның байлығы артып отыратын болады. Біздің қолымызда бардың бәрі – уақытша әрі тек Алла Тағаланың қалауымен ғана, ал біздің байлығымыз – біздің аманатымыз, оған ұстамды түрде қарап, дұрыс жұмсай білуіміз тиіс. Естеріңізде болсын, адамның байлығы – бұл оның сынағы және ол оны қалай жұмсайтыны – оның бойұсынушылық танытуы болып табылады.

7. Жетімдерге көмектесу.

Жетімдерге көмектесу әрбір мұсылман үшін сүннет. Жетімдік – бала үшін де және сол жетімге жәрдемдесу миссиясы берілген қоршаған орта үшін де ауыр сынақ болып табылады. Ислам – жақсылық пен мейірімділік діні, Алла Тағаланың бізге нәсіп еткен тағдырына бойұсынып, разылық танытып әрі пешенесіне жетімдіктің зәрлі дәмін тату жазылған жандарға қолдау көрсетуіміз қажет. Алла мұсылмандарды жетімдерге аса мұқият болуға, олардың қайғысын бөлісіп, аяушылық танытып, олар үшін сүйеніш болуға үндеген.

8. Әлемге саяхат жасау.

Әлемге саяхат жасау ой-өрісті кеңейтіп, Алла Тағаланың аса шеберлікпен жаратқандарын көруге мүмкіндік береді. Саяхат жасау арқылы адам Жаратушының оған нәсіп еткен әрбір нығметіне ризашылық танытып, өмірде жолдары болмай жүрген жандарға мейірбандықпен қарауды үйренеді. Қасиетті Құранда былай айтылған: «(Мұхаммед Ғ.С.): “Жер жүзінде кезіңдер де жаратылыс қалай басталғанын көріңдер. Тура солай Алла ақырет өмірін де жаратады. Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді” де» (29:20) Өзіміздің әрбір қадамымызды құлшылық ету мақсатында әрі Алла разылығы үшін жасауымыз керек, сол үшін де қоршаған орта сұлулығы мен мәнділігін лайықты түрде бағалай білу аса маңызды. Саяхат жасау дегеніміз – Алла Тағаланың шеберлігіне тәнті болып, Оның жаратқандарына сүйсіне қарап, оларды көріп, естіп, сұлулықты барынша сезіне білу .

9. Тәһәжүд намазын оқу.

Тәһәжүд намазын оқуды өзіңіздің күнделікті немесе апталық әдетіңізге айналдырыңыз. Таңғы уақыт өзіміздің Жаратушымызға жақын болудың ең

жақсы кезі. Шүкірлік айтып, күнәларыңыздың кешірілуін тілеп, иманыңыздың нығаятын мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Құранда былай айтылған: «(Мұхаммед Ғ.С.) Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі» (17:79).

10. Адамдармен күлімсіреп амандасыңыз.

Маңайыңыздағы адамдармен қарым-қатынасты күлімсіреп амандасудан бастаңыз. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Қайырымдыға құлшылық етіңдер, тамақтандырып, сәлемдесіңдер, Жұмаққа кіресіңдер». Сондай-ақ, хадисте айтылған: «Асылында, амандасу мен жақсы сөздерді тарату міндетті түрде кешірілудің себебі болып келеді». Мұсылманның әрбір әрекеті шынайы әрі ізгі пиғылға толы, оның сөздері мен амандасуы жақсылықтың нышанын білдіреді, ал оның күлімсіреуі жылы шырай таныту болып табылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: