БАӘ ең қайырымды ел деп танылды

БАӘ ең қайырымды ел деп танылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАӘ бес жыл қатарынан әлемдік қайырымдылық жасаушылар рейтингін бастап келеді. Әлемде  қайырымдылыққа жұмсалған қаражат саны бойынша экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы мемлекеттердің кезекті рейтингін жариялады.

Рейтингтің бірінші орны бірнеше жыл қатарынан Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі болуда. Ұйымның жүргізген зерттеулеріне сай, өткен жылы БАӘ басқа елдердің дамуы мен оларға көмек ретінде 19 миллиардтан астам доллар жұмсаған болатын. Бір айта кететін жайт, бұл көрсеткіш БҰҰ тағайындаған норматив көрсеткішінен екі есеге артық.

БАӘ Азия елдеріне көмек ретінде - 43%, Африка мемлекеттеріне - 28%, ал қаражаттың қалған 23% Еуропа елдеріне бөлген екен. Жалпы алғанда, өткен жылы БАӘ 147 мемлекетке көмек көрсеткен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: