Түркия екпеден бас тартуда

Түркия екпеден бас тартуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия тұрғындары екпеден жаппай бас тартуда. Түркияның микробиология мен жұқпалы аурулар қоғамының басшысы Алпай Азап екпеден жаппай бас тартып жатқандар туралы атап өтті.

Оның айтуынша, балаларының өміріне қажетті екпеден әдейі бас тартып отырған отбасылар саны күрт өсуде.

«Егер 2011 жылы мұндай отбасылар саны 183 болса, 2012 жылы - 387, 2013 ж. - 913, 2014 ж. - 1,370, 2015 ж. -1,091, 2016 ж. - 11 мың 470, ал өткен жылы бас тартушы отбасылар саны 23 мыңға жеткен», - деп NewsTurk ресурсы профессордың дәйексөзін келтірген.

Қазіргі таңда векпе жасау жұқпалы аурулармен күресудегі анағұрлым тиімді тәсіл, оның тиімділігі 95% жетуде деп ескертіп өткен сарапшы.

Естеріңізге сала кетсек, мұның алдында Татарстанның мүфтиі Камиль хазірет Самигуллин де вакцинациядан қисынсыз бас тартудың медицина тұрғысынан алып қарағанда ретсіздік екендігін айтқан болатын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: