Байзақ аудандық мешітінде айлық уағыз дастархан өткізілді

Байзақ аудандық мешітінде айлық уағыз дастархан өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде айлық уағыз дастархан өткізілді. Ондағы мақсат ауыл тұрғындарының мешітке, дінге деген қызығушылықтарын арттыру. Мешітке 250-ге жуық халық жиналып, оларға Байзақ ауданына қарасты ауылдық мешіттен келген молдалар кезекпен уағыз айтты.

Ауыл молдаларының айтқан уағыздарын жиналған халық зер сала тыңдады. Уағызды Абай ауылы «Жаныс баба» мешітінің молдасы Амиров Абдулбари бастады, Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінің молдасы Абиров Рахымбек, Түймекент ауылы «Түймекент» мешітінің молдасы Абдулхад Абдуманнан, Көк – өзек ауылы «Жантай ата» мешітінің молдасы Жұмағұлов Бекжан әсерлі уағыздарын халыққа жеткізе білді.

Уағыздан кейін жиналған жамағат дастарханға жайғасты. Дастархан мол болып, екі қазанға ас пісіріліп таратылды. Осы іс–шараны ұйымдастырған «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажыға ауыл тұрғындары алғыстарын білдіріп, ақсақалдарымыз батасын берді.

"Байзақ баба" мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: