Ұлыс оң болсын!

Ұлыс оң болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көптен күткен Наурыз мерекесі де келіп жетті. Наурыз айы келісімен жерге көк шығып, мал төлдеп, халықтың барлығы бір-бірімен көрісіп арқа-жарқа болып жатады. Ақ мол болсын, жылымыз ырысты, берекелді болсын деп ақ жаулықты аналарымыз қазан көтеріп, бидай, жүгерілерін келіге түйіп, наурыз көже пісіруге кіріседі.

Наурыз мерекесі шариғи мереке болмағанымен қазақ халқының ұлттық мерекесі. Айтулы мереке Т.Рысқұлов ауданының  орталығында аталып өтті. Аудандық мешітіміздің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев жиналған көпшілікке ынтымақ-бірлік, туралы уағыз-насихат айтып, аудан тұрғындарын төл мерекемен құттықтады.  

Сондай-ақ, Сұлтаншәріп қажы демеушілік көрсеткен аудандық спорт өкілдерінің ұйымдастыруымен ұлттық ойын арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру сияқты спорт түрлерінен жиналған ерлер арасында сайыс өтті.  Осылайша, өңірде Наурыз мерекесі бар сән-салтанатымен тойланды.

Әбілда Мейірханов, зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: