Қордай жерінде Ұлыстың Ұлы күні тойланды

Қордай жерінде Ұлыстың Ұлы күні тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қытымыр қыстан кейін ел-жұрт бір-бірімен амандықпен қауышып, жақсылықпен көрісетін – ұлттық мерекеміз Наурыз мейрамы Қордай аудандық мешітінде де тойланды. 

Жамағатқа жеті астың құнары сіңген наурыз көжеден дәм ұсынылып, ыстық бауырсақтар таратылды. Меймандарға арналып мерекелік дастархан жайылды. Ұлттық асымыздан дәм татқан қадірлі қонақтар, жасы үлкен ата-әжелеріміз, аға-апаларымыз елдің амандығын, заманның тыныштығын тілеп, сөз сөйледі, жастарға бата-тілектерін жаудырды.

Салтанатты шарада қазақы салт-дәстүріміз де барынша дәріптелді. Енді ғана қадамын түзеген кішкентайдың тұсауы кесіліп, жастарға әдеп-ғұрпымыз насихатталды. Осылайша, таңертеңнен басталған шара күн ұзаққа жалғасты. Ал, мерекенің көркін сауат ашу курсының шәкірттері әр түрлі қойылымдар арқылы қыздырды. Іс-шара екінші рет жайылған дастарханмен жалғасып,  әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, ауыл мешіттерінің қариялары шақырылып, қайырымдылық іс-шара орын алды.

Наурыз мейрамын тойлауға келген жұрт ризашылығын айтып, алғыстарын білдірді.

 «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: