Исламға 108 мың адамды алып келген кісі туралы

Исламға 108 мың адамды алып келген кісі туралы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1989 жылы өз діні индуизмді тастап, Исламға келгеннен бастап шейх Дін Мұхаммедтің арқасында 108 000 адам Ислам дінін қабылдаған.

Дін Мұхаммед «Жами Масжид Алла Уали» мешітінің әрі Исламды қабылдататын оқу мекемесі – Айша Тәлім-ул-Құран медресесінің басшысы болып табылады. Қарттың қолында безендірілген құрағы бар. Иығына түсіп тұратын ақ-қызыл күфиясы оның діни көзқарасын білдіретіндей.

«Менің адал пиғылым – осы әлем мұсылмандарға тиесілі болса ғой деген тілек. Мен үнемі Исламды сүйгенмін. Қасиетті Құранды оқып шығып, 360 құдайдың болмайтынын түсіндім», - дейді Дін Мұхаммед.

Оны түсінбей қалу қаупі болғандықтан, ол алғашында Қасиетті Құранды жасырын оқып-білген.

Оның басқа дінге қызығушылық танытып жүргенін көрген шейхтің анасы қобалжи бастайды. Оны үйлендірсем, ол бұл ойынан қайтар деп шешеді анасы. Осылайша, оны он бес жасқа келер-келместе үйлендіреді. Отау құрған соң төрт қыз бен сегіз ұл – он екі баласы дүниеге келеді.

Бірақ бұған қарамастан ол Исламды танып-білуін жалғастырады, өзіне Құран мен Алла Елшісінің (с.ғ.с.) хадистерін үйрететін Саин Мұхаммед есімді ұстазды тауып алады.

Оның бақытына орай, ағасы да Ислам дініне жақын адам болып шығады, сөйтіп, екеуі дін ісінде бір-біріне қолдау көрсетуге келіседі. Шейхтың қызы үндіске тұрмысқа шықпағанша оның Ислам дініне деген көзқарасы басқалардың көзінен таса болып келген болатын. Қызының басқа дін өкіліне тұрмысқа шығуы – өзгерісті кезеңнің басы болды.

Осы жайттан кейін өзі ашық түрде Исламды қабылдайды әрі адамдарды да Ислам дініне кіргізуді басты мақсатына айналдырады. Бұл істі өз ауласынан, яғни, үй-ішінің мүшелерінен бастауды қолға алады. Ауқатты да беделді адамдармен кездесуі оның ісін әрі қарай жалғастыруына көмек береді. Пәкістан әскерінің бұрынғы генералы Сикандар Хаят, Матлыдағы қант зауытының қожайыны, шейхке ақша береді, бірақ ол ақшадан бас тартып, дінге жаңа кіргендерді жұмыспен қамтамасыз етуін өтінеді. Хаят пен оның қызы көмек көрсетуде алдына жан салмайды. Шейхтің айтуынша, қазіргі таңда ол күллі аймақтарға танымал болған әрі ислам дінін қабылдағысы келген әртүрлі дін мен секта өкілдері оған келеді екен. Оның кішігірім кешенінде шағын мешіт салынған, сол мешітте балалар, көбіне қыздар Құран оқу мен дұғаларды үйренеді екен.

Шейх дінге жаңа кіргендердің қандай қиындықтармен кездесетінін жақсы біледі. Бастапқы 40 күн бойы шейх олардың өмірлерін жеңілдетуге бар күшін салады. «Олар тек парыздарды ғана жасауы тиіс!» – дейді ол. Егер мен оларды күніне бес уақыт намаз оқисыңдар десем, олардың бәрі қашып кетеді ғой!» - деп шейхтің жүзі өзгеріп, үрейленіп кетті. Негізінде, адамдарға қалай ықпал ететінін ол айтқысы да келмейді. Оның Ислам дінін қабылдаушыларға айтатыны: «Мен де үндіс болғанмын, егер мұсылман болмасақ, біз Тозақ отына жанатын боламыз».

Ислам дінін жаңа қабылдағандарды жергілікті үндістердің ықпал етуінен қорғау үшін шейх оларды басқа аудандарға жіберіп отырады. Әйтпесе, олардың отбасы Исламға кіргендері үшін олардың соңынан қалмайды деп түсіндірді ол.

Мұндай әрекетке баруды ол өз тәжірибесінен алған. Оның айтуына қарағанда, оны қызымен қосып беделді үндістер ұрлап кетіп, бұл ісін тастауды талап еткен екен. «Бұл бейшара үндістер мұсылман болып алып, өздеріне қарсы тұра ма деп қорқады», – дейді шейх.

Ислам дінін жаңадан қабылдаған 108 000 адамға қарамастан, шейх әлі де өзінің ісін аяқталды деп ойлмайды. Оның қалауынша, әркім  мұсылман болып, оның өнегесінен үлгі алуы тиіс.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: