Балалардың жоғары ақыл-парасаттылығының қайнар көзі табылды

Балалардың жоғары ақыл-парасаттылығының қайнар көзі табылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шотландиядағы Эдинбург университетінің мамандар командасы ауқымды зерттеу жасаған, әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын 240 мыңнан астам адамның ДНҚ салыстыру арқылы ақыл-парасатпен байланысты 500-ден астам ген табылған. Бұл көрсеткіш ғалымдардың алдында анықтағанынан 10 есе артық екен.

Жүргізілген ауқымды зерттеу қандай геннің ақыл-парасатқа жауап беретіндігін тапқан. Сонымен қатар, зерттеушілердің айтуына қарағанда, денсаулық пен ақыл-парасат өзара байланысты көрінеді, себебі оларға бірдей ген ықпал етеді екен.

Зерттеу жобасының аясында мамандар тәуелсіз топтардағы адамдардың тек ДНҚ талдап, зерттеу арқылы зияткерлік коэффициентін (IQ) анықтаған. Есептеулер көрсеткендей, 50-ден 80%-ға дейін зияткерлік қабілеттілік ұрпақтан-ұрпаққа берілетін көрінеді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: