Түркия Еуропадағы ең ірі мешіттің ашылуына дайындық үстінде

Түркия Еуропадағы ең ірі мешіттің ашылуына дайындық үстінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияның  Стамбул қаласында Еуропадағы ең ірі мұсылман ғибадатханасы - Чамлыджа мешітінің құрылысы аяқталуға жақын, бұл мешіттің бір ерекшелігі – қаланың қай жағынан қарасаңыз да оны көретін боласыз.

Стамбулдың мешіттер және мәдени-ағарту қызметі жөніндегі қауымдастығының басшысы Эргин Кюлюнктың айтуынша, қазіргі таңда мешіт құрылысы 95% дайын.

Мұсылман ғибадатханасы қасиетті Рамазан айының алғашқы күндері есігін айқара ашып, халық игілігіне берілуге дайын болады.

Айта кету керек, Режеп Тайып Ердоғанның есімі берілетін діни кешеннің құрамына тек қана мешіттің өз басы ғана кіріп қоймайды, сондай-ақ, кітапхана, мұражай, өнер галереясы, әртүрлі баспасөз залдары да кіреді.

Жалпы алғанда, мешіттің ішінде және оның аумағындағы жерде бір мезгілде шамамен 63 мыңдай адам намаз оқи алады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: