Игі әйелдер - игі еркектерге арналған...

Игі әйелдер - игі еркектерге арналған...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Игі әйелдер - игі еркектерге, ал сұм әйелдер сұм еркектерге лайық» деген Құран аяты бар екенін білеміз. Құранда айтылғанның бәрі ақиқат екені белгілі, алайда бұл дүниеде кейбір игі әйелдердің сұм еркектермен, ал игі еркектердің сұм әйелдермен бірге тұрып жатқан көптеген отбасыларын көреміз. Ал мұны қалай дұрыс түсінуге болады?

Алла Тағала Құранда келесі бір аятты келтірген: «Сұм әйелдер сұм ерлерге, сұм ерлер сұм әйелдерге, сондай-ақ игі әйелдер игі ерлерге, игі ерлер игі әйелдерге лайық. Бұлар, олардың айтқандарынан-ақ. Олар үшін жарылқау әрі көркем несібе бар» (24:26).

Бұл аятта Алла табиғаты бір адамдардың ортақ байланысы мен бір-біріне тартылу қасиеті жөнінде айтады. Жоғары моральды адам - адамгершілік деңгейі өзінікі сияқты адамдармен жақындасып, араласуға бейім болады, ал сұм, қара ниетті адам өзінің табиғатына ұқсас адамды іздейді.

Асылында, аталмыш аят Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  әйелі Айша анамызды (р.а.) әділетсіз түрде күйеуінің көзіне шөп салды деп кінәлаған жайт орын алған кезде түсірілген. Бұл аятта Алла Тағала Айша анамыздың (р.а.) тазалығы мен пәктігі туралы айтып, оның адамгершілігі жоқ деген жалған айыптаудан тазартқан. Бұл жерде, сондай-ақ, Алла Елшісі (с.ғ.с.) туралы да айтылады, яғни,  сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі барлық жағынан көркем болғандықтан, оның әйелдері де игі әйелдерден болмақ.

Муфти Шафи Осман  бұл аятты өз еңбегі «Маарифул Құранда» былайша түсіндіреді: «Бұл аятта былай айтылған, Алла елшілері (а.с.) тазалық пен пәктіктің үлгісі болғандықтан, оларға өз деңгейі мен мәртебесіне сай әйелдер берілген. Демек, соңғы Елші Мұхаммед (с.ғ.с.) тазалық пен адамгершіліктің ең мінсіз үлгісі болғандықтан, оған ең мінсіз мінезді әйелдер ғана берілген болатын. Осылайша, оның әйелдерінің біреуінің болсын адамгершілігіне күмәнданудың ешбір қисыны жоқ. Сол себепті Айша анамыздың (р.а.) пәктігіне қалай күмән келтіруге болады? Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) барлық әрекеттерін Алла Өз уахилері арқылы басқарып отырғанын естен шығармаған жөн. Сондықтан ол қателік жасап, өзіне адамгершіліксіз әйел таңдап алуы мүмкін емес дүние».

Негізі, жоғарыда келтірілген аятта айтылған жайт барлық адамдарға тән нәрсе емес. Адам өзі таза әрі пәк болғандықтан, оның өмірлік серігі де осындай қасиеттерге ие деп ойлап қалады, алайда оның қателесуі мүмкін. Бұл міндетті түрде игі еркек сұм әйелге бейім немесе игі әйел сұм еркекке үйір дегенді білдірмейді.

Басқа сөзбен айтқанда, әдепті әрі адал адам өмірлік серігін таңдауда аса сақтық танытып, тіпті егер оған біреу игі әрі әдепті болып көрінсе де, тек өзінің сезімдеріне сеніп қана қоймай, оны жақсылап зерттеп, тексергені дұрыс.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: