Өзін-өзі өлтіру туралы шариғат не айтады?

Өзін-өзі өлтіру туралы шариғат не айтады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала бізді жоқтан бар етіп жаратып, Оған деген қаншалықты бойсұнуымызды тексеру үшін, бізге осы өмір табалдырығын аттатып, жарық дүниені көруді нәсіп еткен. Қамшының сабындай қысқа өмір жолымызда біз жақсы да, жаман да жағдайларды бастан өткеріп, түрлі оқиғаларға тап боламыз. Қысқаша айтқанда, Жаратушы Жалғыз Алланың пенделеріне берген сынақтарына душар боламыз.

Алла Тағала Қасиетті Құранда:  «Адамдар: «Сендік» деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма? Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі!» (29:2-3),  және  «Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C. сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бip қайғы жетсе: «Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз» деді)» (2:155-156), - дейді.

Жабир ибн Самур (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өзін-өзі садақ оғымен өлтірген адамның жаназа намазын оқудан бас тартқанын келтірген.

Өмірдің қиын-қыстау күндерінде сабырлық танытып әрі Алладан пана іздеу қажет. Біздің өмірімізге қатысты Алланың шешіміне бойсұнбаушылық танытып, өз өмірін қиюға қатаң тыйым салынған. Өзіне-өзі қол жұмсаған адам қалай өлсе, өлгеннен кейін де өзін солай азаптайтын болады, яғни, асылып өлген адам - мәңгілік өмірде үздіксіз асылу азабына түседі, у ішіп өлген - у ішіп өзін азаптайды, биіктен секіріп өлген адам – биіктен секіріп, үздіксіз азапта болады. Ақыл-есі дұрыс адам шөлдің аптап ыстығынан құтылармын деп жанып тұрған ыстық отқа секірмейді ғой?  Ендеше, уақытша қиындықтардан өзін ұшы-қиыры болмайтын мәңгілік азапқа салу жолымен қалайша құтылмақ?

Біздің өміріміз – бұл Алланың бізге сеніп, уақытша сақтауға берген аманаты. Бөтен біреудің мүлігіне өз еркімен ешкімнің қол сұға алмайтыны сияқты, Алла Тағаланың бізге берген өмірімен біз де өз еркімізбен иелік етуімізге құқымыз жоқ. Демек, Алланың бізге берген асыл сыйы – өмірімізді өз еркімізбен, өзімізге-өзіміз қол жұмсауымыз арқылы қиюға болмайды.

Өмірдің қасіреті мен тауқіметін бастан кешіп жүрген адамға - мұндай бақытсыздыққа ұшыраған жалғыз ол емес екендігін ескерткен жөн. Ең жақсы адамдар болып табылатын пайғамбарлар (а.с.) мен елшілер де – сырқаттан, аштықтан, дұшпандарының қудалауынан, қайыршылықтан жапа шегіп, жақын адамдарынан айырылған. Азап – өмірдегі табиғи нәрселердің бір бөлігі, ешбір пенде бұдан қашып құтыла алмайды.

Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Мүміннің басына түскен қандай да бір қайғы, үрей немесе тіпті қолына кіргентікенек те, міндетті түрде оның күнәларының кешірілуінің себебі болып табылады» (имам әл-Бұхари), - дейді.

Мұсылман ретінде, жақсылық пен жамандықтың Алла Тағаладан екеніне әрі біздің өмірімізде орын алатын жағдайлардың бәрі де Алланың маңдайымызға жазған жазмышы екендігіне сенім білдіріп, иман келтіреміз. Алла жаратқан пенделері басына түскен сынаққа сабырлық таныта ма әлде наразылық білдіре ме және осы жағдайда өздерін қалай ұстайтындықтарын тексеру үшін жиі бақытсыздықтар жіберіп тұрады. Қандай бақытсыздыққа душар болмаса да «Аллаға шүкір» деп, Алланың берген тағдырына разылық танытатын сабырлы адам, осы өмірде де, ақыретте де мол сауапқа кенеледі.

Бір хадисте былай айтылған: «Асылында, мүміннің жағдайы таңғаларлық: оның басынан өтіп жатқанның бәрі – оның игілігі үшін және мұндай жағдай мүміннен басқа ешкімге берілмеген. Егер ол қуанышқа кенелсе, шүкіршілік етеді, бұл оған қайырлы. Ал егер қайғыға душар болса, сабырлық танытады, бұл да оған қайырлы» (имам Мүслім).

Ендеше, осынау уақытша баянсыз өмірде басымызға түскен бір қиыншылық үшін, бізді мәңгілік өмір бақытынан айырып, Тозақ отына түсіретін амал - өзімізге-өзіміз қол жұмсаудан аулақ болайық. Жарық дүниедегі бір күнімізді болсын Жаратушы Алланың разылығына қол жеткізуге арнап, тыйғандарынан тыйылып, бұйырғандарын орындап, Оған шүкіршілік етумен өткізейік!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: