Пайғамбарымызды (ﷺ) әйелдері қаншалықты қызғанған? Исламдағы ашу мен қызғаныш

Пайғамбарымызды (ﷺ) әйелдері қаншалықты қызғанған? Исламдағы ашу мен қызғаныш

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні  Пайғамбарымыз (ﷺ) сапарға шығады, қасына тақуа әйелдері Үмму Саляма (р.а) мен Сафияны (р.а.) ертіп алады. Күндіз де, түнде де олар кезектесіп Пайғамбарымыздың (ﷺ) қасында болады.

Үмму Саляманың қасына түнейтін кезі болғанда, Пайғамбармыз (ﷺ) байқаусызда екі әйелінің түйелерін шатастырып алып, Сафияға жақындайды да біраз әңгімелесіп, бірақ бүгінгі түнді онымен өткізбейтінін түсініп, бірден одан аулақтап, Үмму Салямаға барады. Пайғамбарымыздың (ﷺ) Сафиямен сөйлескен себепті кешігіп келуі – Үмму Саляманың қитығына тиіп кетеді. Оның бойын қызғаныш кернеп, күйеуіне: «Өзің Алла Елшісі бола тұрып, бүгін менің кезегімде ана әйелмен сөйлесуге қалай ғана дәтің барды?» - деп қалады. Оның айтқанын дұрыс санап, өзін (ﷺ) кінәлі көріп, ақталудың орнына үндемеуді жөн көреді. Біршама уақыт өткен соң Үмму Саляма тынышталып, өзінің ерсі қылығы үшін қатты ұялады. Ол тәубесіне келіп, Пайғамбарымызға (ﷺ): «Уа, Алла Елшісі! Мен қызғаныштан өзімді ұстай алмадым. Алладан мені кешірсін деп тілеңізші!», - деп өтініш білдіреді (Ибн Сад, Табакат, 8/76).

Сөзсіз, мұндай жайт жиі орын алып тұрады: реніш кездерінде сөзбен ақталғанша, біраз сабырлық пен шыдамдылық танытып, түсіністік пен үнсіздік сақтау – істің анағұрлым жақсы аяқталуына әкеліп соғады. Ашу деген жалынды көмір ғой, егер оған біраз қызғаныш қосылар болса, онда төңіректің бәрін от шарпиды. Ал отты тек су ғана сөндіре алатыны белгілі. Нәпсі – от болса, ал жүрек - су. Адам енді ашулана бастағанда оның қозуы арта түседі, сол кезде оған оның қарсыласының қозуы қосылса, онда бір отқа өзге от қосылғандай болады. Мұндай кездерде жағдайды бақылауда ұстап тұру қиынға соғады. Алла сақтасын, егер өрт басталар болса, оның немен аяқталары белгілі ғой. «Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа» деген жақсы сөз бар қазақта. Биттен құтылу үшін тоныңызды жағып жіберсеңіз, бит қашып кетеді, ал соңында сіз тонсыз қаласыз.

Егер күйеуінің ашулана бастағанын байқаған әйелі үндемей қойса, жануға дайын тұрған өрт жалындамай жатып-ақ сөніп қалады. Ал егер әйелі үндемей қалудың орнына дауыс көтеріп, айғайлай бастаса, онда күйеуінің «шегініс» бергені жөн. Егер күйеуін де ашу қысып кетер болса, онда жанжалдан құтылу мүмкін болмай қалады. Мұндай жағдайда орын алған ұрыс-керіс екі жаққа да пайда бермейді. Бірақ сіздердің осы жанжалдарыңыздың арқасында қатты қуанышқа кенелетін бір жаратылыс бар – ол шайтан. Алла Тағала бізді азғырушы шайтанның қуыршағына айналудан сақтасын!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: