«Мұсылмандарды жазалау күнін» ұйымдастыруға үндеген

«Мұсылмандарды жазалау күнін» ұйымдастыруға үндеген

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлыбритания полициясы «мұсылмандарды жазалау күнін» ұйымдастыруға шақырған белгісіздерді іздестіруде.

The Guardian баспасының мәлімдеуінше, 10 және 11 наурыз күндері бірден елдің бірнеше қалаларында, соның ішінде, Лондонда да, 3 сәуір күні Ислам дінін ұстанушыларға шабуыл жасауға үндеген кітапшалар пайда болған.

«Мұсылмандарды жазалау күні» аясында жасалған әр шабуылы үшін әрбір азаматқа нақты ұпай берілетіндігі келтірілген. Мысалы, мұсылман қыз-келіншектердің басынан жұлып алынған орамал үшін - 25 ұпай, ал өлтіргені үшін – 500 ұпай.

Тергеу ісін Біріккен корольдіктің лаңкестікке қарсы полициясы жүргізуде. Құқық қорғаушылар осыдан келер қауіптен мұсылмандарды сақ жүруге үндейді.

«Бұл оқиғаға біз қарқынды кірісудеміз және өшпенділік себебінен болатын қылмыстың алдын-алып, оны болдырмауға сеніміміз мол», - деп атап өткен британ полициясының ресми өкілі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: