Әйелі күйеуінің денсаулығын қалай сақтай алады?

Әйелі күйеуінің денсаулығын қалай сақтай алады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Комедия жанрының актері Дэвид Шнайдер ер адамдар туралы былай деген екен: «Біз ұсақ-түйек сырқаттарға наразылық танытып шыға келеміз, ал егер мәселе расымен ауыр дертке келіп тірелетін болса, біз басымызды құмға тығып аламыз. Негізі, мұндай әрекет біздің денсаулығымызға титтей де пайдасын тигізбейді».

Шындығына келсек, ер адам денсаулығының шамамен 90% әйелінің қолында, өйткені ер адамдар көбіне дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын сақтана бермейді. Соның нәтижесі – қырық жасқа таяған ер адамдардың қарындары салбырап, үйме сырқаттары бар әрі жас кезіндегідей халал өмірдің әсемдігіне сүйсіну қабілетінен айырылған болып келеді. Өзінің енжарлығы мен денсаулыққа қатысты сауатты болмауы және оның «көп нәрседен хабары жоқ» әйелі ер адамның денсаулығының нашарлауына себебін тигізеді екен.

Ойланбастан бойұсына беру – әйелі үшін ең маңызды қасиет емес. Әйелдің мейірімділігі мен ақылы оны сүйікті әрі қалаулы етсе, ал күйеуін - салауатты, әрекетті және жарқын етеді. Әлбетте, күйеуін үш күн бұрынғы палаумен, бәлішпен, пиццамен және көжемен тамақтандыра беруге де болады. Алайда сол адамнан әйелдің денсаулығы, бақыты мен өмірге қанағаттануы тіклей байланысты болғандықтан, еріне саналы түрде қамқор болуы қажет. Сонымен қатар, жақын адамының өмірін жеңілдетіп, жандандыру – жақсы амалдардан болып табылады. Ер адамның махабаты асқазанында екенін ескерер болсақ, олардың денсаулығын сақтау әйел адамға тілекелей қатысты болып шығатынын түсінуге болады.

Ендеше, әйелдері күйеулеріне қалай көмек көрсете алады екен? Егер әлі күнге ескіше тамақтанумен жүрсеңіз, яғни, жатардың алдында екі ұртыңызды толтыра отырып қуырылған әрі ұннан жасалған тағамдарды жеп, аз қимылдап жүрген болсаңыз, ендеше, отбасы мүшелерін толықтай салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау қажет. Басқаша айтқанда, отбасылық денсаулықты қалпына келтіру мәселесін бірігіп шешкен жөн әрі оны дұрыс тамақтанудан бастаған абзал. Ас  мәзіріне қоректік заттар құрамы сақталатын термиялық өңделмеген көкөністер мен жемістер кірсін. Айта кететін жайт, рационның шамамен 70% көкөністер, жемістерден тұрғаны жөн. Осылай жасап көріңізші, күйеуіңіздің жасарып, белсенді болып өзгергенін байқайсыз.

Тамақ жасауда қоңыр күріш, балық, теңіз балдырын, жаңғақтар мен бұршақтарды көбірек пайдаланыңыз. Су ішу тәртібін де сақтау маңызды, су – қайнамаған, таза әрі сілтілі болуы тиіс. Әлбетте, бұл айтылған дүниелер пайдалы асты толықтай қамтымайды. Тамақтану тәртібі өте көп, тек, ең бастысы, өз отбасыңызға, күйеуіңізге келетін оңтайлысын таңдап алу қажет.

Ерін сүйетін әйел күйеуінің шамадан тыс семіруіне жол бермейді. Артық салмақ көзге түрпідей көрінгені былай тұрсын, ол инфаркт, инсульт сияқты дерттердің пайда болуына әкеліп соғады. Сіңірлер, сүйектер мен бұлшық еттерге дұрыс физикалық белсенділік керек. Аз қозғалау өмір салтын ұстанатын адамдарда сіңірлер қатып, сүйектерде кальций азайып, ал ішектер жұмыс белсенділігін төмендетеді. Сондықтан күйеуіңізді диванға жатқызып қоймай, көбірек қозғалуға итермелеңіз. Кешкі уақыттарда қол ұстасып таза ауада қыдырыңыздар, спортзалдар мен үйде спортпен айналысыңыздар. Риуаяттарда келтірілгендей, тіпті сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әйелінің соңынан ілесіп жүгіретін болған екен.

Егер әйелі ақылды болса әрі оны ері сыйласа, онда ол оған ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ, түнге қарай холестерині көп ас ішу сияқты жаман әдеттерден құтылуға көмектеседі.

Ері әйеліне сүйікті, қажет және маңызды екенін сезінуі тиіс. Сонда оның психологиялық ахуалы жақсарады, кейін келе физикалық тұрғыдан да, денсаулығы да жақсаратын болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: