Төлқұжатта діни сенімі көрсетілетін болады

Төлқұжатта діни сенімі көрсетілетін болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пәкістан астанасы – Исаламабад қаласының жоғарғы соты ел азаматтарын, яғни, тұрғындарын ресми құжаттарда, соның ішінде, туу туралы куәлікте, жеке бас куәлігінде, төлқұжатта, тіпті, дауыс берушілер тізімінде де діни сенімін көрсетуше міндеттейтін қаулы қабылдады.

Бұдан былай жоғарғы соттың шешіміне сәйкес мемлекеттік жұмысқа тұрғандарға да осындай талап қойылып отыр. Пәкістан конституциясы ел азаматтарының наным-сенім бостандығына кепілдік береді, десе де, ел билігінің бұл қадамын сынға алып, наразылық білдіргендер конституцияға қайшы келетінін алға тартып отыр. Әсіресе, құқық қорғаушылар алаңдаушылық танытып, дабыл қағып жатыр. Freedom House және Human Rights Watch халықаралық мәртебесі бар құқық қорғау ұйымдары Пәкістанда діни азшылықты құрайтындардың кемсітушілікке жиі ұшырайтынын, сол себепті, мұндай тәжірибенің соңы ушығып кететінін ескертуде.

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: