Игілікпен қоректеніп, игілік әкелетін бал аралары туралы

Игілікпен қоректеніп, игілік әкелетін бал аралары туралы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ибн Хиббаннан келген бір хадисте Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай айтқаны келтірілген: «Мүмін адам бал арасы сияқты, ол тек игілікті ғана тұтынады және артына игіліктен басқа ештеме қалдырмайды». Аралардан келетін пайда тек балмен ғана шектеліп қоймайды, дегенмен, балдың емдік қасиеттері жайлы ұзақ-сонар баяндай беруге болады. Бал араларының біздің өмірімізге қосатын үлесі зор, ауқымды және сан түрлі. Олардың пайдасы көптеген салалардан көрініс табуда. Мысалы үшін…

Ауыл шаруашылығы

Бал арасы – азық тізбегіндегі ең маңызды бөлшектің бірі. Көкөністер мен жемістердің жақсы өнім беруінің кепілі – арамен тозаңдату болып табылады. Бал аралары жер бетінде тұратын халықтың 90% тұтынатын астық өнімінің 70% тозаңдандырады. Былайша айтқанда, бұл біздің дастарханымыздағы тағамдардың үштен бір бөлігі болып табылады.

Пайдалы азықтар

Егер бал аралары жер бетінен жоғалар болса, онда, шамамен, үш айдың ішінде бүкіл астық өнімдері жойылады. Азық түлік дүкендері жартылай босап, қалған азық түліктің бағасы алтынға пара-пар болушы еді. Алайда олардың қатарына бал арасымен тозаңдандырылатын алма, бадам, авокадо, брокколи, сәбіз, баялды, қырыққабат, лимон, кофе, лайм және тағы да басқа өнімдер жатпайды.

Сиыр еті мен сүт өнімдері

Бал арасыз біз сиырдан алынатын сүт, ірімшік сияқты өнімдерден құр алақан қалар едік, өйткені аралар сиырлардың сүйікті қорегі жоңышқаны тозаңдандырады. Адам баласы жылына шамамен 35 кг ет тұтынатынын ескерер болсақ, сиыр етіне қатысты да проблеманың туындауын назардан тыс қалдырмаған абзал.

Жақсы тамақтану және экономикаға үлес

Азық түлік тізбегі тоқтап қалады. Жарты жылда фермерлердің көпшілігіне жүгері және бидай мәдениетіне көшулеріне тура келеді, әйткенмен, қашанғы тек бидай наны мен жүгері шелпегімен күн көруге болады? Ақыр соңында, бұл иммунитеттің әлсіреуіне, ағзаның қажетті дәрумендерге қанықпауына, аурулар санының артуына әкеліп соғады. Мұның салдарынан медициналық қызмет қымбатқа түсетін болады. Осылайша, азық түліктің жетіспеушілігі, медициналық шығындардың артуы экономиканың құлдырауына әкеліп соғады. Ендеше, бал аралары өздерінің көзге көрінбес еңбектерімен әлемдік ауылшаруашылық өндірісінің үздіксіз дамуына 200 миллион доллардан астам «қаражат» салады екен.

Мақта және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету

АҚШ – әлемдегі ең ірі мақта экспорттаушысы болып табылады. Бұл жылына Америкаға 25 миллиард доллар кіріс әкеліп әрі 200 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бал арасының қатысуынсыз мұндай кіріске қол жеткізу мүмкін емес.

Биоотынды өндіру

Рапс майы. Бір қарағанда бұл жай ғана тамаққа қосатын өсімдік майы ғана, алайда бұл бал арамен тозаңдату арқылы алынатын биоотынның бір түрі болып табылады. Егер рапс майы жеткіліксіз болса, онда адамдар қоршаған ортаға салмақ салатын көмір мен қазба отын өндірумен айналысар еді.

Өсімдіктердің гүлденуі, көгалдану, адамдар мен жердің қанығуы

Бал арасыз өсімдіктердің көпшілігі көбейіп, гүлдей алмайды. Мұның салдары жердің тозуына, жылжуына және қуаңшылыққа әкеліп соғады. Жердің жылжуы ауылдар мен қалаларды толығымен жұтып қойса, ал қуаңшылықтың салдарынан он мыңдаған адамдар аштықтан қырылатын болады.

Тұщы су жетіспеушілігі орын алады, сол себепті ағаштар қурап, олардың саны азаяды. Азық түлік тапшылығы жан-жануарлардың, кейін келе адамдардың толықтай және жартылай құруына әкеліп соғады…

Осынау сары теңбіл түсті кішкене еңбекқор жәндіктің қоғамға, адамдарға келтіретін пайдасының орасан зор екенін күнделікті өмірде мән беріп, байқай бермейміз. Алайда Алла Тағала Қасиетті Құранда толықтай бір сүрені осы жәндіктің атымен атаған, бұл бал араларының Алла алдындағы дәрежесі мен ерекшелігін көрсетеді. Және де біздің сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шынайы иман келтіргендерді тек игілікпен қоректеніп, қоршаған ортаға тек игілік тарататын араға теңеген. Аталмыш хадис мағынасы бал аралардың еңбегі – әрбір мүмінге деген үнсіз үндеу – игілікке, пайда келтіруге, сұлулыққа және әлемді жақсылықпен молайтуға деген үндеу.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: