Германияда әскери штатта имам қызметі қарастырылуы мүмкін

Германияда әскери штатта имам қызметі қарастырылуы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Германия мұсылмандары ел билігіне ұлттық армияға имам штатын енгізу турасында қолқа салды. Бұл жайында аталған елдегі мұсылмандардың орталық кеңесінің жетекшісі Айман Мацюек мәлім етті.

Ол мұндай қадам интернационалдық саясатқа серпін беретінін алға тартып отыр. Айта кету керек, осыдан бірнеше жыл бұрын Германияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен армияда имам қызметі енгізулі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Алайда, айтылған сөз айтылған жерде қалып, ұмыт болған еді. 2017 жылдың қорытынды статистикалық мәліметі бойынша Германия халқының 6,1%-ын мұсылмандар құрап отыр. Неміс әскерінің түрлі салаларында ұзын саны шамамен 1,5 мың мұсылман сарбазы жүр.

islam.kz
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: