Еуразия мұсылман ғұламалар форумының қарары қабылданды

Еуразия мұсылман ғұламалар форумының қарары қабылданды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астанада «Еуразия кеңістігіндегі Ислам өркениеті: өткені, бүгіні және болашағы» атты тақырып аясында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумында халықаралық шараға қатысушылардың Қарары қабылданды.

Қарар мәтінін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан оқып берді.

«Қоғамның дәстүрлі негіздеріне қауіп төніп жатқан кезеңде әртүрлі діни конфессия өкілдері арасындағы диалогтың өзектілігі күрт артуда. Мұсылман үмбетінің бірлігіне насихаттық үлгі әрі іргетас қалыптастыруды мақсат ететін Еуразия елдерінің рухани жаңғыру Тұжырымдамасы әзірленсін. Мұсылман қоғамында сұранысқа ие классикалық еңбектер бірнеше тілге аударылсын. Форумның тұрақты Хатшылығы құрылсын», – делінген қабылданған Қарар мәтінінде.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: