«Байзақ баба» мешітінде имам-молдалардың жиналысы өтті

«Байзақ баба» мешітінде имам-молдалардың жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жиналыс барысында ауданның бас имамы Азизов Рамиз қажы діни рәсімдерді бірізділікке түсіру мақсатында имам молдаларға бірнеше тапсырмалар берді.

Атап айтқанда: дастархан жасауда ысырапшылдыққа жол бермеу, марқұмның әруағына Құран бағыштау, дұға оқу жерлеу рәсімінен кейін орындалуы, қабір басында ақша, шапан т.б. таратуға болмайтынын халыққа түсіндіру, жаназа намазында және қабір басында көркем түрде уағыздар айту, діни білімді көтеру үшін әр мешітте сауат ашу курсына барлық адамның келіп оқуына мүмкіндік жасау және мешіттерде бесін және ақшам намаздарынан кейін жүйелі түрде уағыз өткізіліп, қайырымдылық іс-шараларының фотоесебін уақытылы әрі дер кезінде жіберу.  

«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: