Сарысудағы білім сайысы

Сарысудағы білім сайысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында облыс имамдарының арасында білім сайысы өтті. Жарысқа облыстың әр ауданынан бір имамнан және Тараз қаласынан  бір имам, жалпы 9 имам қатысты.

Сайысқа ҚМДБ–ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы бастаған қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасына Бақытұлы Нұралы, Ақмамбетов Асхат және облыстық " Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Әмреев Бахтияр кіргізілді.

Күн сайын мұндай іс–шара ұйымдастырыла бермейтін шалғайдағы аудан орталығы Жаңатас қаласының тұрғындары да сайысқа қатысушыларға өз қолдауларын білдіріп отырды. Сайысқа қатысушылардың білім деңгейі біркелкі болғандықтан сайыс та өте тартысты өтті. Екі кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы кезеңінде имамдар Ұұран оқудан сынға түссе, екінші кезеңінде бес  түрлі пәннен сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін ортаға салды. Бұл байқаудың имамдарға да жамағатқа да берері өте мол екеніне көзімізді жеткізген, дініміздің халық арасында кең жайылуына себеп болатын жақсы амал екенін көрдік.

Берері мен үйренері көп болған іс–шара да соңына жетіп, қазылар алқасы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздарды анықтады. Жүлделі үшінші орын Т. Рысқұлов ауданынан келген «Әл–Хақ» мешітінің имамы Сабырханов Үмбетке бұйырса, екінші орынды аз ғана басымдықпен Жамбыл ауданынан келген «Қаракемер» мешітінің наиб имамы Кәкішев Төлеуғазы иеленді. Ал бірінші орын Байзақ ауданынан келген «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Каримбаев Айбекке бұйырды. Жергілікті Сарысу аудандық мешітінің наиб имамы Шадиев Алматқа ынталандыру сыйлығы табыс етілді.

Соңынан облыстық "Һибатулла Тарази" Мешітінің бас имамы Данияр қажы жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын оқыды. Сарысу аудандық мешітінің жамағаты жұма намазынан рухани қуат алып тарқасты. Осынау игі іс–шараның өтуіне мұрындық болған иманды бір отбасы Жаңатас қаласында орналасқан "Шах" асханасында келген қонақтар мен жамағатқа ас беріп, келген көпшіліктің батасын алды.

Осындай ізгілік пен мейірімділікке толы болған, адамдардың білімге деген құштарлығын оятатын бастамалар жалғаса берсін деген тілекпен тарқасты жұртшылық.

     

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: