Жастармен кездесу

Жастармен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы Жаңатұрмыс округінің әкімшілік ғимаратында «Өзге діни ағымдардан төңген қауіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Жиынға Жаңатұрмыс округінің әкімі Қилыбаев Мұхтар, «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Сағымбаев Бақытбек қатысты.

Кездесуде сөз алған  округ әкімі Қилыбаев Мұхтар экстремизм мен терорризмнің алдын алу мақсатында діни қызмет және діни  бірлестіктер мәселелері бойынша заңға өзгеріс енгендігін баса айтты. Мәселен, 16 жасқа дейінгі балалардың ата-анасымен мешітке бару және азаматшалардың некесін тек мешітте ғана қиылатындығын айтып өтті. 

Сондай–ақ кездесуде сөз алған «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Сағымбаев Бақытбек «Өзге діни ағымдардан сақтану» жолдары туралы уағыз айтты. Баяндамада өзге дін ағымдары Ислам дінін жаманатты көрсету үшін түрлі әрекеттерге баратынын және олар мазхаб имамдарын мойындамайтынын, салт-дәстүрге қарсы шығатынын, ата–анасы намаз оқымайтын болса оны "дінсіз" деп айыптайтындығы туралы өзге дін ағымдарының адасушылық сипаттарын атап өтті.

Кездесуде жастар көкейінде жүрген сұрақтарын ауыл молдасына  қойып, тұшымды жауап алды.     

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: