«Жемқорлықты заң да, дін де құптамайды» тақырыбында жиын өткізілді

«Жемқорлықты заң да, дін де құптамайды» тақырыбында жиын өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесе, ұйымдастыруымен облыстағы Діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің қатысуымен жиын отырысы өтті.

Облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров төрағалық еткен аталған шараға облыс аумағында жұмыс атқаратын Ислам және Христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен филиалдардың басшылары мен өкілдері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Жиын барысында, алғашқы сөз ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Ыбрайханұлы Нәлібаевқа беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, оның деңгейін төмендету, алдын алу, болдырмау, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы түрлі салалардағы орындалу барысы жөнінде жан-жақты баяндады.

Сондай-ақ, сөз сөйлеуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр Әлимұхаммедұлы Жұмабаев пен «Приход Собора Успения Божией Матери» православтық шіркеуінің протоиерейі Власенко Юрий Павлович шығып, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу үшін барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын дін саласына қатысты Заңнамаларға енетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбына тоқталынып, айтылып өтті.

Жамбыл облыстық Дін істер басқармасы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: