Достық пен ұрпақ тәрбиесі сөз болды

Достық пен ұрпақ тәрбиесі сөз болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақпан айының 15 күні Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде жамағатқа дастархан жайылып, ауызашар берілді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы Қанат Жұмағұл аузы берік жамағаттың оразаларының қабыл болуын тілеп, дастархан жайған мешіт жамағатына алғысын білдірді.

Бас имам жамағатқа «Ол (ақырет) күні тақуалардан басқа достардың барлығы өзара бір-біріне дұшпан болады», - деген Құран аяты төңірегінде сөз қозғап, жамағатты тағы да, ауызбіршілік пен ынтымаққа шақырды.

Мешіттің наиб имамы Бектаев Қасымжан бала тәрбиесі туралы уағыз айтты. Ол: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастардан құралған оттан (тозақ отынан) құтқарыңдар», (Тахрим сүресі, 6-аят) - аятын оқып, мағынасын түсіндірді. Әзірет Әли бұл аятты: «Өздерін және отбасыларын оттан құтқару -  оларды жақсы тәрбиелеу әрі білім үйрету», - деп тәпсірлеген екен.

Сондай-ақ, Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізілген хадисте Пайғамбар (ﷺ) былай деген: «Әрбір туылған сәби фитрада («әуелгі таза болмыста» – яғни, ешнәрседен бейхабар, пәк болып) туылады. Сосын оны әке-шешесі не яһуди, не насара (христиан), не отқа табынушы мәжуси етіп шығарады», - деген имам Бұхариден жеткен хадисті Қасымжан имам айтып өтті.

Жиын соңында мешіт ақсақалы Медетхан ата ел амандығын, жұрт тыныштығын тілеп, асқа бата қайырды.

Бір айта кететіні, бұл ауызашар рухани дастарханы Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде апта сайын  жайылмақшы.

«Кеңесхан қажы» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: