«Кеңесхан қажы» мешітінің әйелдер жамағаты ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өтті

«Кеңесхан қажы» мешітінің әйелдер жамағаты ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Тараз қаласы, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде әйел жамағатына уағыз айтылды.

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дінді жеткізудегі әдіс-тәсілдері» тақырыбында мешіт ұстазы Қолағұлова Жібек насихат айтты. Уағызда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлық кезеңене дейінгі жаһилия дәуірі жайында баяндалды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Ислам дінімен жүрудің жеңіл екендігі, дінмен жүруімізге барлық жағдайдың жасалып жатқандығы айтылды.

  ҚМДБ-ның Тараз қаласы, әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде айына екі рет  шәкірттер тарапынан қасиетті Құран хатым оқылады.

Қалыптасқан осы игі әдет бойынша міне бүгін де мешіт ұстаздары Құран хатым дұғасын оқып, «сауат ашу» курсына қатысып жүрген апалар дүниеден өткен ата-баба рухына Құран бағыштады.

Осы игі шараға орай, айына бір рет ақ дастархан  жайылып, жастар ақ жаулықты апалардың батасын алып жүр. Қариясы бардың қазынасы бар демекші, қарияларымыз аман болсын, әмин!

 ҚМДБ-ның Тараз қаласы, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасымен бірлесе отырып, «Рухани жаңғырудағы отбасы мәселесі және діни экстремизмнің алдын алу» бойынша Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің әйелдер жамағатына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мешіт ұстаздары сауат ашу курсының оқушыларын жинап, басқармадан келген маман, теолог-инспектор Үсенова Зейнеп пен психолог-инспектор Ләззат Мырзашқызы дәріс оқыды.

Жиын барысында отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты тренинг өтті. Сонымен қатар, бірқатар сұрақтарға жауап берілді.

Үсенова Зейнеп «Дәстүрлі дін және діни экстремизм» жайлы сөз қозғап, дінге қатысты қабылданған ҚР заңдарын айтып, түсіндірді.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: