Тараз жамағаты тағы да бас қосты

Тараз жамағаты тағы да бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақпан айының 12 күні Тараз қаласы «Молда Мұхамеджан» мешітінде кешкілік айлық дастархан ұйымдастырылып, имамдар мен жамағат жиналып уағыз тыңдалды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы сөз бастады. Бас имам өз сөзінде: «Аллаға шүкір, Алланың үйінде бас қосып отырмыз. Ата-бабамыз осы күндерді аңсап кетті, емес пе?! Осы айлық уағыз дастарханы қаламызда басталғалы бір жылға жуықтады. Мешіт жамағаттарының насихат тыңдау ниетімен осындай отырыстарға көптеп келіп жатқандары қуантады. Әрі осы ай сайынғы уағыз дастарханының желтоқсанға дейінгі жылдық жоспары да бекітілгенін де айтып өтейін. Бұл отырысымыз хадисте айтылғандай, періштелер қоршайтын, Алладан жиналғандарға рахым тілейтін мәжіліс болсын! – деп тілейік», - деді.

Өкіл имамның сөзін жалғаған Тараз қаласының Бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы «Садақа – өміріміздің берекесін арттырады» деген тақырыпта жамағатқа Құран аяттары, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері, ғұлама-ғалымдардың сөздері және өмірде орын алған керемет оқиғалардың желісінде әсерлі уағызын айтты.

Бұл жиынды ұйымдастырған «Молда Мұхамеджан» мешітінің имамы Өтепбергенов Эрнстке және мешіт жамағатына Алла өзі жар болғай!

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: