Лұқман Хакімнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ғибраты

Лұқман Хакімнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ғибраты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Яхья бин Ақсам былай айтқан: «Егер адамның сөздері жақсы болса, онда ол оның басқа амалдарынан да көрінеді.  Егер адамның сөздері жаман болса, онда ол оның басқа да амалдарынан көрініс табатын болады».

Лұқман Хакім (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ұлына былай айтқандығы келтірілген: «Уа, ұлым менің, кім зұлымдыққа иесінің досы болса, онда ол да сау болмайды, яғни, ол да зұлымдық жасайтын болады. Кімде-кім жаман орынға барса, ол жазғырылады. Кімде-кім тіліне ие бола алмаса, өкінетін болады».

Сондай-ақ, Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Өз тіліне ие болатынға нендей қуаныш, оның болмысы кең әрі ол күнәлары үшін жылайды».

Факих әкесінен, ал ол өз иснадымен Хасан Басридің (ол кісіге Алланың рақымы болсын) былай айтқанын келтірген:

«Асылында, данышпанның тілі жүрегінің артында делінген. Әр кез бір нәрсе айтарда ол жүрегіне қайтып отырады. Егер бұл сөздің оған пайдасы болса, онда ол оны айтады. Егер оған зиянды болса, онда үндемейді. Ақиқатында, наданның жүрегі тілінің қасында, жүрегіне қайтпай-ақ, ол аузына не келсе соны айта береді».

Факих өз әкесінен, ал ол Әбу Заррдың былай айтқандығын келтірген: «Мен Пайғамбардан (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ибраһим пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) сухуфында не жазылған?» - деп сұрадым. Ол былай жауап берді: «Онда өсиеттер мен тағылымы мол үлгілер жазылған. Ақыл иесі өз тілін сақтауы керек, ол ессіз болған кезінде уақытын біліп және өз ісіне дайын болуы үшін».

Факих өз иснадымен Гали бин Әбу Тәлібтің (ол кісіге Алла разы болсын) Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Ақыл иесі үшін төрт уақыт болуы тиіс. Бірінші уақытта ол Алланы есіне алатын болады. Екінші уақытта өзінен есеп алатын болады. Үшінші уақытта білім алу үшін, ғалыммен кезігеді. Төртінші уақытта рұқсат етілген жолмен демалады». Сондай-ақ, ол былай айтқан: «Ақылды адам өз ісін қадағалап, өз заманындағы адамдарды біліп және тілі мен жыныс мүшелерін сақтауы керек».

Факих (ол кісіге Алланың рақымы болсын): «Әнас бин Мәликтен келтірілген: «Асылында, күндердің күнінде Лұқман Хакім (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Дәуідке (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) келеді. Дәуід (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) темір киім тігіп отырады. Лұқман (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) оның не істеп отырғанын сондай білгісі келсе де сабырлық сақтап, сұрамай тұрады. Ісін бітірген Дәуід (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) темір киімін киіп алып, былай айтады: «Шайқасқа қандай жақсы киім әрі бұл киімді тіккен адам қандай керемет». Сонда Лұқман (ол кісіге Алланың сәлемі болсын): «Үнсіздік - даналық, бірақ үндемей қалатындар — аз», - деп айтады. 

Ақын былай айтқан:

Ілім — әшекей, ал үнсіздік - саулық,

Үндемей қалғаным үшін өкінбейтінмін,

Асылында, айтылған сөздерім үшін өкінетінмін.

Сондай-ақ, сүннетке құрмет ретінде Лұқманның (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Дәуід пайғамбарға (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) барып тұратындығы келтірілген. Бірде Дәуід (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) бір нәрсе жасап отырады. Лұқман (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) оның не істеп отырғанын сұрағысы келсе де сұрамайды. Дәуід (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) жейдесін тігіп болып, киіп: «Шайқасуға қандай жақсы жейде», - деп айтады. Лұқман (ол кісіге Алланың сәлемі болсын): «Үнсіздік - даналық, бірақ үндемейтіндер аз», - дейді. Бұл риуаят «Танбих» кітабында келтірілген.

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: