Пайғамбарымыздың (ﷺ) нұры Исмаил (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ұлының қай әйеліне берілген?

Пайғамбарымыздың (ﷺ) нұры Исмаил (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ұлының қай әйеліне берілген?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің күнінде Исмаил пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ұлы Қайдардың аңға барғаны және сол кезде аңдар мен құстардың оған былай айтқандығы келтірілген: «Әй, Қайдар! Қандай қасиетті нұрға ие екеніңді білгенде, осылай қаперсіз жүрмес едің. Енді Ибраһим пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Жаратушысының сыйынан қорық, өйткені нұр сенен әне-міне кетейін деп тұр. Бұдан былай мүмкін сен аңға да шыға алмассың». Ол жиырма екі жасқа келсе де оның әлі баласы жоқ еді. Аңнан қайтып оралғанда оны бір қайғы басып алады. Ол ішіп-жеуден қалады. Осындай қайғылы жағдайда бірнеше күн өтіп кетеді. Сонда Алла Тағала оған адам кейпіндегі бір періштені жіберіп Өзінің сөздерін жеткізуді бұйырады: 

«Әй, Қайдар! Сен енді жердің билеушісісің. Адал еркектер мен пәк әйелдерден бастау алған әлем бастаушысының нұры саған берілді. Сен Ибраһим пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ұрпағынан емес бір ұлды боласың. Егер сен уәде беріп, құрбандық шалсаң, саған бұл жөнінде айтылатын болады». Қайдар Исмаил (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) құрбандық шалатын жерге келеді де жеті жүз малды құрбандықа шалып, мына дұғаны айтады: «Йа, Раббым! Егер менің ұлды болуым нәсіп етілсе, менің құрбандығымды қабыл ет».

Бір қойды бауыздағаны сол екен, көктен от түсіп бұл құрбандықты алып кетеді. Бұл құрбандықтың қабыл болғандығы еді. Құрбандық шалынып біткенде: «Әй, Қайдар! Біз сенің құрбандығыңды қабыл еттік, енді сенің тілегің орындалады. Бар да сондай бір талдың астына жат. Түсіңде не көрсең соны жаса», - деген дауысты естиді. Ол айтылған талды тауып, астына жатып ұйықтап қалады. Түсінде: «Әй, Қайдар! Сенің маңдайындағы Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нұры аманат болып табылады. Күллі әлем сол үшін жаратылған. Сондай бір жерде Гадира есімді жалғыз басты әйел бар, соны әйелдікке ал», - деген дауысты естиді. Қайдар ұйқысынан қатты қуанып оянады.  Ол қайда барса да нұрдың қасиеттілігінен оған бәрі бастарын иіп, бірақ: «Әй, Қайдар! Нұрдың сені тастап кететін уақыты келді», - деп айтатын болған.

Қайдар айтылған жерге келеді де адамдарды Гадира есімді әйелді тауып өзіне алып келуге жібереді. Адамдар әлгі әйелді барлық жерден іздеп, ақыр соңында жұрхум тайпасынан Зухайраның қызы Гадира есімді бір қызды табады. Ол қыз араб болады. Олар некеге отырып, нұр Гадираға беріледі. .

Өсиет Кемесі де Қайдарда болады. Ысқақ пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) балалары қызғанып, былай айтады: «Енді барлық пайғамбарлар Ысқақ (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) тұқымынан болады. Ал сенде бұл нұрдан басқа ештеме жоқ. Өсиетті сақтауға біз лайықтырақпыз». Қайдар оларға былай жауап береді: «Исмаилдың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) өсиетіне сәйкес оны сақтау маған тапсырылған болатын». Бірде ол Өсиетті ашпақшы болады. Енді ашайын деп жатқанда мынадай бір дауыс естіледі: «Әй, Қайдар! Бұл Өсиетті саған ашуға рұқсат жоқ, өйткені сен жай мұрагерсің, ал мұны тек пайғамбарлар ғана аша алады. Бұл Өсиетті Ханаан жеріне апар да Йақұбке (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) табыста, өйткені мұны ашуға ол құқылы».

Осылайша, Қайдар Ханаан жеріне жол тартуға бел буады. Кетіп бара жатып, Гадираға мынадай бір өсиет айтады: «Жуырда сен ұлды боласың. Баланың дүниеге келетін уақыты жақындағанда, Исмаил (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) туған жерге бар. Ұлымның атын Хамил деп қой». Қайдардың ұлына мұндай есім бергенінің себебі, аяғы ауыр жүргенде Гадира: «Уа, Гадира, қуан! Сен Қайдардан жүкті болдың», - деген дауыстарды еститін. 

Сонымен, Өсиетті алып Қайдар Меккеден Ханаан жеріне қарай бет алады. Ол жалаң аяқ келе жатады.   Ханаанға біраз жер қалғанда Ибраһим пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) күллі ұрпағына естілген бір дауыс жетеді. Йақұб (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) балаларына: «Алламен ант етемін, Қайдар бин Исмаил бізге Өсиетті әкеле жатыр. Бәрің тұрыңдар, оны тұрып күтіп алайық». Қайдар келеді. Амандасып, сөйлеседі. Йақұб (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) одан: «Әй, Қайдар! Неге сондай жүдеусің? Жолда дұшпандарға тап болдың ба әлде ауырып қалдың ба, не болмаса ауыр күнә жасап қойдың ба?» - деп сұрайды.

Сонда Қайдар: «Жоқ, ештеме болмады. Қасиетті нұр менің әйеліме берілді. Мүмкін менің халім сонымен байланысты шығар», - деп жауап береді. «Сенің әйелің Ысқақ пайғамбардың тұқымынан ба?» - деп сұрайды Йақұб. «Жоқ, ол жұрхұм тайпасынының арабы», - дейді Қайдар. Сонда Йақұб (ол кісіге Алланың сәлемі болсын): «Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) халқы болу құрметіне арабтар лайық болған екен. Алланың қалауымен, ол арабтан туады. Сен үшін қуанышты хабар: өткен түні Гадира сенің ұлыңды дүн ол кісіге Алланың сәлемі болсын еге әкелді. Көк қақпаларының ашылғанын бекер көрмеген болдым. Бұл хабаршы-періштелердің жерге түскенін білдіреді. Бұл Алла Сүйіктісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нұрының арқасында екенін білемін» , - деп айтады. Өсиетті табыстаған Қайдар, Меккеге қайтып оралады. Оны әйелі мен маңдайында нұры бар Хамил есімді ұлы қарсы алады. 

"Пайғамбарлар тарихы" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: