Хижрадан кейін Пайғамбармыздың (ﷺ) Меккеге оралуы

Хижрадан кейін Пайғамбармыздың (ﷺ) Меккеге оралуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) түсінде Алла оған Меккені мойындатқанын көреді. Худайбиядан оралған соң, он мыңдаған мұсылманды бастап, Мекке жаққа бет алады. Меккеліктер болса әскер жиып, Алла Елшісіне (ﷺ) қарсы тұрады. Алла Тағала оларды шайқассыз беріліп әрі олардың қолбасшысы Әбу Суфьянның мұсылман болуын нәсіп етіп қойған болатын. 

Таң намазының уақыты келгенде, Пайғамбарымыз (ﷺ) дәрет алып, ал сахабалар дәрет алғаннан қалған суды ішіп, беттерін сүртеді.

Әбу Суфьян хазіреті Омарға (ол кісіге Алла разы болсын):

- Қарашы, Мұхаммед мырза болыпты, - дейді.

Омар (ол кісіге Алла разы болсын):

- Мұхаммед өзінен би жасамайды. Ол шынайы Пайғамбар болғандықтан, оған адамдар құрмет көрсетеді, - деп жауап береді.

Алла Елшісі (ﷺ) Меккеде болған кезінде Әбу Суфьян оған көп көңіл қойып, өз үйінде құрмет көрсетеді.

Пайғамбарымыз (ﷺ):

- Кімде-кім Әбу Суфьянның үйін арқа тұтып, өз үйінің есігін жауып, қару-жарағын тастаса, оған ешкім тиіспейтін болады, - деп жар салады.

Алла Елшісі (ﷺ) Меккені жаулап алған соң, сахабалар оны иықтарына көтеріп әкеліп Қағба есігінің қасына тұрғызады. Есіктің босағасынан ұстап тұрып Пайғамбарымыз (ﷺ) құрайыштардан:

- Мен сендер үшін кіммін? - деп сұрайды

- Сен біз үшін жақсы бауырсың, - деп жауап береді құрайыштар.

Бұдан кейін Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтады:

- Мен сендерге Юсып пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) бауырларына айтқан сөзін айтамын:

«(Юсып Ғ.С.): “Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Алла сендерді жарылқайды. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі” деді» (12:92).

Осынау қасиетті аятты айтып, ол Қағбадан түседі. 

Ибн Аббастың (ол кісіге Алланың рақымы болсын) бірде Әбу Суфьянға былай айтқандығы келтірілген:

- Алла Елшісі (ﷺ) Әбу Суфьянға келгенде оның есіне осы аятты түсір!

Әбу Суфьян солай жасайды да, сонда Алла Елшісі (ﷺ) оған жауап ретінде:  

- Алла сені және саған осыны үйреткенді кешірсін, - деп жауап береді.

Меккеге жеңіспен кіру хижрадан кейін сегіз жылдан соң орын алған болатын.

"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: