Қиямет күні қашан болады?

Қиямет күні қашан болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан:

«(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған “Қиямет қашан болады?”,- деп сұрақ қояды. Ол жөнде түсінік беру сенің ісің бе? Оның қорытындысы, Раббыңа байланысты. Негізінен сен қияметтен қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың. Олар қияметті көрген күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды» [79:42-46].

«(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де» [7:187].

Қиямет күніне қатысты көптеген Құран аяттары мен хадистер бар. Алла Тағала былай айтқан:

«Қиямет жақындады, ай жарылды» [54:1].

Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқаны келтірілген:

«Менімен Қиямет күнінің арасы — мынау екеуінің арасындай», - деп екі саусағын көрсеткен (Бұхари).

Алланың Құранда айтқандары:

«Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда, олар кәперсіз бет бұруда» [21:1].

«Алланың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуін тілемеңдер. Алла, олардың қосқан серіктерінен пәк те жоғары!» [16:1].

«Оған сенбегендер, асығыс тілейді. Сенгендер, одан үрейленіп, оның хақ екенін біледі. Сақ болыңдар! Ол мезгіл жайында тартысатындар, әлбетте ұзақ адасуда» [42:18].

Әнас бин Мәлик (ол кісіге Алла разы болсын) Алла Елшісіне (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір бәдеуидің келіп, былай сұрағанын келтірген:

— Уа, Алла Елшісі! Қиямет қашан?

Оған Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қарсы сұрақ қояды:

— Қияметке не дайындап қойып едің?

— Алла мен Оның Елшісіне (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігімді

Әлгі бәдеуидің жауабына тәнті болған Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

— Асылында, бұл керемет, өйткені Қиямет күні адам сүйген адамымен болады. Қиямет күні және оның болуы – Алла Тағаланың құпиясы, бізге беймәлім нәрсе. Тек күллі ілімге ие Жаратушы Жалғыз Алла білетін дүниелер қисапсыз, бірақ солардың ішінде бес нәрсе ғана ерекшеленіп көзге түседі:

1. Қияметтің қашан болатынын Алладан басқа ешкім білмейді.

2. Қай жерде, қашан және қанша жауын жауатынын Алладан басқа ешкім білмейді.

3. Аяғы ауыр әйелдің жатырында не болып жатқанын Алладан басқа ешкім білмейді.

4. Бірде бір адамның ертеңгі күні не боларын, оны келешекте не күтіп тұрғанын Алладан басқа ешкім білмейді.

5. Адамның қай жерде, қашан және қалай өлетінін Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді.

«Әрине қиямет мерзімінің мәліметі Алланың қасында. Жаңбырды Ол жаудырады, Ол жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Алла (Т.) толық білуші, хабар алушы» [31:34].

Жәбірейіл бәдеуи кейпінде келіп ислам, иман, ихсан туралы Пайғамбарымыздан (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сұрағанда, ол жауап береді, алайда ол Қиямет туралы сұрағанда, Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған былай деп жауап береді:

«Сұралушы сұраушыдан көп білмейді». Жәбірейіл оның белгілері туралы сұрағанда, Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Күң өзінің ханымын туады; кезінде жалаң аяқ, жалаңаш қойшы болғандар, зәулім ғимараттарды салуда жарысқанын көресің», - деп жауап береді.

Хузайфа былай келтірген:  «Бір күні Пайғамбармызбен (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөйлесіп отырғанда ол Қияметке дейін не болатынын ештемесін жасырмай айтып берді. Бұл белгілерді біреулер жаттап алса, енді біреулер ұмытып қалды. Олардың бәрі менің есімде жоқ, бірақ бұрын білетін адамыңды ұмытып барып көргенде есіңе түсетіндей болып тұрады» (Әбу Дәуд, Мүслим).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: