Жастармен өткізілген келелі кездесу

Жастармен өткізілген келелі кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан имамдарының кезекті жиналысында өкіл имам Д.Ә.Жұмабаевтың жастармен тығыз жұмыс атқару, жат ағымдар жайлы кең ақпарат беру, олардан сақтану шараларын жеткізу және дәстүрлі дініміздің құндылықтарын дұрыс түсіндіру жұмыстарын атқару бойынша берілген тапсырма негізінде Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы Бетқайнар ауылындағы №7 кәсіптік колледждің 1-курс студенттерімен кездесуде болды. Кездесу барысында студенттерге деструктивті ағымдардан сақтанудың түрлері, оларды ажырату жолдары турасында әңгіме өрбіді. Елімізде өршіп тұрған жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау мәселесіне  де Бас имам ерекше ден қойып, кең ақпарат беріп қайтты.Соңында жастардың әртүрлі сауалдарына жауап берілді. 

аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: