Жылу сыйлау науқаны өз жалғасын табуда

Жылу сыйлау науқаны өз жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Естеріңізде болса жылдың шымылдығын Қордай аудандық мешіті жылу сыйлау науқанымен бастап көптеген отбасыларға, мешіттерге  көмір тарату арқылы қайырымдылық іс-шараны жүзеге асырған еді. Мешіттің атқарған  қайырымдылық шарасы туралы ақпарат аудан бойы тарап, бұқара халық арасында қолдау тапқаны қуанышты. Аталмыш игі істі естіген мұқтаж жандар  ауыл-ауылдардан аудандық мешітке ағылып, көмір арқылы көмек көрсету туралы қайырылған мұқтаж жандар саны арта түсіп, қыстың қаһарлы сұюғыда қыса түскеніні баршамыз сездік. Осы жайттарды ескерген аудан бас имамы Д.Жандосұлы кәсіпкер азаматтарды ұйымдастырып, қосымша 25 тонна көмірді тарату қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Аталмыш отын Степное, Арал және Қақпатас ауыл азаматтарына  ауыл имамдары арқылы бас имам тапсырмасы негізінде  12 отбасыға  үлестіріліп берілді. Атап өтетін жайт көмірді жүктеу, оны үй-үйге жеткізіп беру де жаны жомарт жандардың демеушілігімен атқарылды.

аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: