Toyota жарнамалық ролигіндегі имам (Бейне)

Toyota жарнамалық ролигіндегі имам (Бейне)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жапондық Toyota компаниясы әлемдегі төрт ірі дін – христиан, ислам, иудаизм мен буддизм – өкілдерінің қатысуымен жарнамалық ролик түсірген. 

«Ансар» ресурсы мәлімдегендей, жаңа бейнероликтің кейіпкерлері – христиан дін қызметкері, имам, раввин мен будда монахы – АҚШ-та жылдың басты спорт оқиғасы болып табылатын Супербоулдың Ұлттық футбол лига чемпионы атағы үшін болатын ақтық матчқа асығып бара жатады.

Toyota Tundra пикап көлігінің жүргізушісі болып алдымен раввин отырады. Ол шіркеуге келіп, матчқа асығып бара жатқан дін қызметкерін отырғызады. Содан кейін олар мешітке келіп, ол жерден имамды отырғызып алады, соңынан оларға будда монахы қосылады. 

Айта кететін жайт, аталмыш ролик көпшілікке сонша ұнамаған. Үндістанның индуистік дін өкілдері бұл роликте өз дін өкілінің жоқ екенін айтқан. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: