Ғалымдар: БАӘ жағалауы су астында қалуы мүмкін

Ғалымдар: БАӘ жағалауы су астында қалуы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2100 жылға таман Әбу-Даби жағалауы су астында қалуы мүмкін. Бұл жөнінде Petroleum Institute Abu Dhabi институтының зерттеушілері мәлімдеген. 

Зерттеу жүргізуші автор Стивен Локьенің айтуына қарағанда, жағалаудың су астында қалу себебі теңіз деңгейінің көтерілуінен болмақ. 

Егер бұл құбылыс орын алар болса, онда Әбу-Даби жағалауы үш километрге қысқармақ. Ғалымның айтуынша – бұл мүмкін болар ғаламдық жылынудың бір ғана салдары.

«Русские Эмираты» ресурсының мәлімдеуінше, қазіргі таңдағы Әбу-Даби жағалауы 760 километрді құрайды. Дәл осы жағалау аймағымен Әмірлік экономикасының шамамен 68% байланысты.

Сонымен қатар, жағалауда Әмірліктің жалпы тұрғындарының 42% құрайтын 900 мың адам тұрады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: