Әзірбайжандағы Габала қаласы ислам әлемінің туристік астанасы болып тағайындалған

Әзірбайжандағы Габала қаласы ислам әлемінің туристік астанасы болып тағайындалған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2020 жылы Әзірбайжандағы Габала қаласы ислам әлемінің туристік астанасы болады. Бұл жөнінде Ислам серіктестігі ұйымының Twitter ресми микроблогінде мәлімденген.

Дәлірегінде, бұл шешім Бангладеште өткен ИСҰ мүшелері қатысқан туризм жөніндегі мемлекет министрлерінің 10-шы Конференциясында қабылданған болатын.

ИСҰ-ға мүше елдердің туризм жөніндегі министрлерінің кезекті Конференциясының сессиясы Әзірбайжанда 2019 жылы өтіледі деп көзделуде.  

2016 жылы ислам әлемінің туристік астанасы болып Конья қаласы, 2017 жылы – Медине қаласы, ал 2018 жылы — Тебриз қаласы тағайындалған болатын. 

Айта кету керек, Габала – Әзірбайжанның көне қаласы. 600 жыл бойы ол көне Кавказ Албания астанасы болған. Қазіргі Габала Дағыстан мен Грузия шекарасының маңында орналасқан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: