Түрікменстанда үйлену тойларында ішілген ішімдік үшін айыппұл салына бастаған

Түрікменстанда үйлену тойларында ішілген ішімдік үшін айыппұл салына бастаған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үйлену салтанаты өтетін орталықтарда кезекте болып, мастық күйде жүрген меймандарға айыппұл салуды бастаған.

«Альтернативные новости Туркменистана» ресурсының мәлімдеуіне қарағанда, айыппұл көлемі  50 манатты құрайды, бұл шамамен алғанда 14 доллар.

Естеріңізге сала кетсек, мұның алдында БАҚ өкілдері Ашхабад тұрғындарына ерекше түрде салынатын айыппұл туралы хабарлаған болатын. 

Жыл басынан бастап, Ашхабад полициясы жаппай түрде жүргізуші қыз-келіншектердің жүргізу куәліктерін алып, ал олардың көліктерін айыппұл тұрақтарына жіберіп отырған. Сол жерге күңгірт түсті көліктер де жіберілген.

Сонымен қатар, жергілікті БАҚ-ң мәлімдеуінше, түнгі сағат 10-нан кейін үйлеріне қайтып келе жатқан азаматтарға да айыппұл салынады екен. Дегенмен, Түркіменстан астанасында ресми түрде коменданттық сағат болмаса да, бұл тәжірибе көптеген жылдар бойы қолданыста келеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: