Қайырымдылық- ізгі қасиет

Қайырымдылық- ізгі қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен аптада өңірімізде бұрын-соңды болмаған аяз тіркеліп, тұрғындарды біраз әбігерге түсірген болатын. Салдарынан мектептерде сабақтар тоқтатылып, жұртшылықтың жүріп-тұруын қиындатты.

Өткен жұмада Қаратау қаласы Репин көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде газ балонынан ақау шығып,  лезде тұтанған от жеке үйдің бөлмелерін толықтай шарпып өтті. Тілсіз жаудың кесірінен үймелі сегіз жан қыстың көзі қырауда баспанасыз қалды.  Отбасының үлкені жасы сексенді алқымдаған Ермек апа болса, кішісі бес айлық бесіктегі нәресте. Апат айтып келмейді.

Дегенмен, қиналғанға қол ұшын беріп, қамқорлық таныту қанымызда бар қасиет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Ең жақсы адам-басқаға пайдасы тиген адам» деген. Мұқтаж жандарға жәрдем ету мұсылмандардық міндет. Жайсыз жағдайға тап болып дәрменсіз күй кешіп отырған отбасының мазасыз көңіліне алаңдаған Аудандық «Қаратау» мешітінің имамы Нұрсұлтан Әлиев ұйытқы болумен қайрымдылы аксияасы ұйымдастырып  халық болып жиылып, сауабы мол игі істі қолға алды. Ортадан жиылған 215 мың теңгені зардап шеккен отбасына апарып табыс етті. Құдайға қараған қамкөңіл жандардың жүрекпен жасалған жәрдемі мұнымен тоқталмақ емес. Шарапатты шара әлі де жалғасын табады.  

Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: