Үлкенге құрмет-бізге міндет

Үлкенге құрмет-бізге міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үлкенге құрмет көрсету  имандылықтың ең үлкен сипаттарының бірі. Өйткені үлкенге құрмет жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с) өте көп және терең өсиеттер айтқаны баршамызға мәлім.

Үлкенге құрмет,– қазақтың ықылым заманнан бері бұлжытпай, қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан дініміз арқылы қалыптасқан ата дәстүрі, танымы. Қазыналы қартын «жазып қойған хатына теңеген» халықпыз. Міне осы жайттарды ескере отырып Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы аудандық №1 әлдеуметтік қамсыздандыру бөліміндегі қарттарды мен  зағип жандарды зиярат етті. Кездесу барысында Дәуренбек Жандосұлы  асыл дініміздің құндылықтарын, дәстүрімізбен біте қайнасқан салт-санамыз жайлы сөз қозғап, ҚМДБ-ның қолға алып жатқан іс-шаралараны, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тың бастамалары және аудандық мешіттердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы кең ақпарат беріп,  қазыналы қарты үшін алаңдап, ол үшін дұға жасап, тілек тілеуге шақырды. Шараның негізгі мақсаты – көпті көрген, басынан талай қиындықты өткерген, данагөй қарт­тарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөз­дерін бойымызға сіңіріп, үлкен­ге – құрмет жасау.

Бас имам мешіт атынан аталмыш мекемеге қысқа толқынды пеш сыйға тартса, оған қосымша азық-түлік бумаларын таратты. Қарттардың уақыттарын тиімді өткізу үшін «Дін мен дәстүр», «мәңгі мұғжиза», «кемелділік кілті» атты кітаптарды сыйға тартып, ҚМДБ төл басылымдары «ислам және өркениет» және «иман» журналының 5 данасынан жазылым жасалып, қарттар үйіне келіп тұратын болды.  Тәнті болған қариялар ақ баталарын беріп, дін қызметкеріне  жарқын болашақ тіледі.

аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)