Дін және жастар атты дөңгелек үстел

Дін және жастар атты дөңгелек үстел

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық жастар ресурстық орталығының көмегімен аудандық әкімшілікте «дін және жастар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жастарды рухани тәрбиелеу, дін мен жастар арасындағы өзара ықпалдастық жайында кеңінен мағлұмат беру, сондай-ақ, жастар арасында діни экстремизм, терроризм сияқты керітартпа ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсаты сөз болды. 

Дөңгелек үстелге Бас имам Д.Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Ыбышева, дін істер секторының өкілі Қ.Әмірқожа қатысты. Жиында баяндама жасаған Дәуренбек Жандосұлы: «Бүгін жастардың өміріне қатысты үлкен мәселе қаралуда, қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы, жастардың теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар екендігі туралы айтты. Сондай-ақ, дін— мемлекетінің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ауызбіршілік, елжандылық, тұлғаға құрмет, бейбітшілік пен тыныштық ислам дінінің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық екендігін атап өтіп, теріс ағымдардан сақтану шаралары, діни мәселелер бойынша сұрақтарды тек ҚМДБ ресми сайттары мен жергілікті мешіт имамдарынан жауап іздеуге шақырды.

Дөңгелек үстел қатысушылары өзінің азаматтық позициясын талқыға салып, мысалдар келтірді.

 Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)