Облыстық мешітте Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Бәсекеге қабілетті іскер әйелдер» атты дөңгелек үстел өтті

Облыстық мешітте Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Бәсекеге қабілетті іскер әйелдер» атты дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әйел-қыздар секторы Жамбыл облыстық мешітінде «Рухани жаңғыру» аясында «Бәсекеге қабілетті іскер әйелдер» атты дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға өз кәсіптерін дөңгелендіріп отырған белсінді іскер әйелдер жамағаты қатысты. Ортақ әңгіме барысында қазір қазақ қоғамындағы әйел азаматтарымыздың денсаулығына байланысты немесе бала-шағасы қол байлау болып, жұмыс таппай, күйзеліске ұшырап, кейбірі қайыршылық жағдайға түскендігі сөз болды. Әйел-қыздар секторының облысымыздағы басшысы Зейнеп Үсенова «Мұның бірде біреуі бұрын қазақ халқында, ұлттық болмысында мүлде болмаған жәйт, қазақ әйелдері неге осындай күйге түсті? Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, жан-жағына қарайласқан мейірімді халық еді ғой.

Дамыған елдердің қатарына жету үшін әрине біз өз-өзімізді рухани жетілдіріп, дініміз Ислам дәріптеген жоқ-жітікке қол ұшын созу, қайырымдылық көмек көрсету секілді адамгершілік қасиеттерді дамытуымыз керек, осындай олқылықтарды жоюдың жолдарын қарастыруымыз керек деді. Дөңгелек үстелген қатысқан облыстық мешіттің найб имамы, Жастар секторының облысымыздағы өкілі Ержан Аманбаев Ислам дініндегі әйел затының орны, дініміздің әйел азаматқа көрсеткен құрметі жайында сөз сөйледі. Жиналыс соңында іскер әйел азаматтар дөңгелек үстел барысында айтылған мәселелерді көп күттірмей шешіп, жүзеге асыруға уағдаласты.   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: