Сауд қыз-келіншектері алғаш рет мейманханаларға қызметке алынады

Сауд қыз-келіншектері алғаш рет мейманханаларға қызметке алынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабия қыз-келіншектері алғаш рет қоғамдық тамақтану орындарына қызметке алынатын болады. Khaleej Times баспасы мәлімдегендей, нәзік жандылар алғашында корольдіктегі 16 мейманханаға сынақ мерзіміне алынады.  

Содан кейін қыз-келіншектердің бұл салаға жұмысқа алынуы туралы стратегияны құрамына мейманхана иелері де кіретін арнайы кеңесші орган дайындайды.

Айта кету керек, қазіргі таңда Сауд Арабия қыз-келіншектерінің арасындағы жұмыссыздық  33% құрайды, ал ел бойынша жалпы жұмыссыздық – 12%.

 Естеріңізге сала кетсек, Сауд Арабияның даму стратегиясы - «Vision 2030» құжатына сай, 2030 жылы қыз-келіншектердің жұмыспен қамтамасыз етілуі 30%-ға дейін өседі деп жоспарлануда.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: