Мұсылман қыз-келіншектер Дүниежүзілік хижаб күнін атап өтті

Мұсылман қыз-келіншектер Дүниежүзілік хижаб күнін атап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Дүниежүзілік хижаб күні аталып өтті, оның бастамашысы Нью-Йорк тұрғыны Назма Хан. Бұл күні қыз-келіншектер сұлулығы мен ибалылығының нышаны - мұсылман орамалына деген құрмет ерекше болған. 

Алғаш рет бұл науқан 2013 жылы әлеуметтік желілердің көмегімен ұйымдастырылған болатын, сол жылдың өзінде әлемнің 67 еліндегі қыз-келіншектер үн қосқан. 

2015 жылы аталмыш науқанды әлемнің жүздеген елінің 10 миллионнан астам мұсылман қыз-келіншектері қолдаған. 

Әдеттегідей, бұл күні әлем бойынша мұсылман орамалының мән-мағынасын тереңдете түсіндіретін әрі қоғамның хабардар болуын арттыруға арналған дәрістер оқылып, мастер-кластар өткізіліп, сән көрсетілімі мен басқа да іс-шаралар орын алды.

Дүниежүзілік хижаб күнінің құрметіне арналған іс-шаралар кеше Татарстанда да болып өтті. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: